Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в решение Мамлютского районного маслихата от 8 февраля 2011 года № 30/6 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Өзге акт · № 5/5 · қабылданған 06.08.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2011-no-306/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении дополнений в решение Мамлютского районного маслихата от 8 февраля 2011 года № 30/6 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан" Күшін жойған Өзге акт ·№ 5/5 ·06.08.2012
27.03.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в решение Мамлютского районного маслихата от 8 февраля 2011 года № 30/6 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"

Күшін жойған Өзге акт ·№ 5/5 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в решение Мамлютского районного маслихата от 8 февраля 2011 года № 30/6 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан"
Атауы (қаз.)
"Жеке санаттарға жататын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек беру туралы" Мамлют аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 8 ақпандағы № 30/6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
5/5
Қабылданған күні
06.08.2012
Көрсетілген редакция
27.03.2014 67538_172423.kaz
Соңғы өзгеріс
27.03.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12SJ001827
ЭКБ идентификаторы
67538
Редакция идентификаторы
67538_172423
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:38

0 "Жеке санаттарға жататын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек беру туралы" Мамлют аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 8 ақпандағы № 30/6 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурызындағы «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмекті төлеу және тағайындау» мемлекеттік қызмет Стандартының 11-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1

1. «Жеке санаттарға жататын мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек беру туралы» Мамлют аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 8 ақпандағы № 30/6 шешіміне (2011 жылғы 28 ақпандағы № 13-10-131 нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылдың 11 наурызындағы № 11 «Солтүстік жұлдызы» және «Знамя труда» аудандық газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
Келесі мазмұндағы 2-1, 2-2 тармақтарымен толықтырылсын:
«2-1. Қосымшаға сәйкес «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесін анықтау»;
«2-2. Әлеуметтік көмек көрсетуге қаржылық шығындар жергілікті бюджеттен 451 007 000 «жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы есебінен бөлінсін».

2 2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛГЕН
«Солтүстік Қазақстан Облысының
Мамлют ауданының жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
В.Артимович
6 тамыз 2012 ж

3 Аудандық мәслихаттың

2012 жылғы 6 тамыздағы
№ 5/5 шешіміне қосымша
Мамлют ауданындағы жеке санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі

1 1. Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттар:

әлеуметтік көмекке өтініш беруші тұлғаның өтініші (бұдан әрі өтініш беруші);
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Ұлы Отан соғысына қатысушы, мүгедегі немесе оларға теңестірілген тұлғалардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған және «Ардақты ана» атағын алдында алғандарға, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға куәлігінің көшірмесі;
«Бұқаралық саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған тұлғаның құжатының көшірмесі;
өтініш берушінің дербес шотының көшірмесі;
өтініш берушінің тұрғылықты мекен жайын растайтын құжаттың көшірмесі;
тіс протездеуге әлеуметтік көмек көрсеткен жағдайда,медициналық ұйымның қызмет көрсету құны көрсетілген шот-фактурасы;
санаторлық-курорттық емделуге мұқтаждылығы туралы санаторлы-курорттық карта;
зейнетақы төлеу орталығынан арнайы мемлекеттік жәрдемақы алуын растайтын анықтама;

2 2. Құжаттардың толық пакетін қабылдау күнінде түпнұсқалар салыстырыла тексеруден кейін өтініш берушіге қайтарылып, құжаттардың көшірмелері куәландырылып, іске тігіледі.

Қолданыстағы