О внесении изменений в решение акима города Экибастуза от 8 февраля 2011 года № 4 "Об избирательных участках по выборам Президента Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима города Экибастуза от 8 февраля 2011 года № 4 "Об избирательных участках по выборам Президента Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 8 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы бойынша сайлау учаскелері туралы" № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 47
- Қабылданған күні
- 09.12.2011
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2011 AI61964_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V11PC000310
- ЭКБ идентификаторы
- 61964
- Редакция идентификаторы
- AI61964_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:53
0 Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 8 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы бойынша сайлау учаскелері туралы" № 4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 23-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабына сәйкес ШЕШІМ қабылдаймын:
1
1. Екібастұз қаласы әкімінің 2011 жылғы 8 ақпандағы "Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы бойынша сайлау учаскелері туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12-3-285 болып тіркелген, 2011 жылғы 10 ақпанда № 6 "Отарқа" және № 6 "Экибастузское обозрение" газеттерінде жарияланған) № 4 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
шешімнің қосымшасында:
№ 513 Промышленный сайлау учаскесінде "Абай көшесі, 152, "Мамандандырылған күзет қызметі бөлімі" мемлекеттік мекемесі, телефоны 75-91-86" сөздері мен сандары "Абай көшесі, 121а, "Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің "Қайнар" білім беру және бос уақытты қамту кешені" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, телефоны 33-89-21" сөздерімен және сандарымен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы А.А. Құрмановаға жүктелсін.
3 3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Екібастұз қалалық аумақтық
сайлау комиссиясының төрағасы
Б. Амантаев
2011 жылғы 09 желтоқсан