Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 «Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности»

Қаулы · № 291 · қабылданған 13.05.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2011-no-645-ekb-102188/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 «Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности» Күшін жойған Қаулы ·№ 291 ·13.05.2016
17.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 «Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности»

Күшін жойған Қаулы ·№ 291 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 «Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности»
Атауы (қаз.)
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
291
Қабылданған күні
13.05.2016
Көрсетілген редакция
17.08.2023 102188_651440.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1600000291
ЭКБ идентификаторы
102188
Редакция идентификаторы
102188_651440
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 09:11

0 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына

өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 531-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасында:
10-тармақта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәреже (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері;»;
мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
«3) жарияланған ғылыми мақалалар: тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала.»;
11-тармақтың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жеке тұлғаларға күнтізбелік он күннен аспайтын мерзім ішінде аккредиттеу туралы куәлікті беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;»;
көрсетілген Қағидаға 1-қосымшада:
реттік нөмірі 20-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
20.
Жарияланған ғылыми мақалалар саны (бір ғылыми қызметкерге бір мақаладан есептегенде): тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала.
Тең авторлықпен жарияланған мақалалар 1 қызметкерге (бірінші көрсетілген) есептеледі.
»;
көрсетілген Қағидаға 3-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2016 жылғы 13 мамырдағы
№ 291 қаулысына
қосымша
Ғылыми және немесе
ғылыми-техникалық
қызмет субъектілерін
аккредиттеу қағидасына
3-қосымша
кімге ___________________________
кімнен___________________________
(Т.А.Ә.)
_____________________________
Өтініш
(жеке тұлғалар үшін)
_____________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу өткізуді сұраймын.
Қосымша:
Р/с

Құжаттың атауы
Бар-жоғы туралы белгі
1.
Жеке куәліктің, жоғары білім туралы дипломның; магистр дипломының және (немесе) ғылыми дәреже (ғылым кандидаты, ғылым докторы), философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломның және (немесе) қауымдастырылған профессор (доцент) немесе профессор ғылыми атағын беру туралы аттестаттың (дипломның) нотариат растаған көшірмелері
2.
Жарияланған ғылыми мақалалар: тиісті ғылым саласында мақаланың жариялану сәтінде ақпараттық базаларда индекстелетін JCR-де (Journal Citation Report) нөлдік емес импакт-факторы немесе SJR-де (Scimago Journal Rank) нөлдік емес дәйексөз алыну индексі бар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналда 1 (бір), сондай-ақ ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін (соңғы бес жылда) жариялауға ұсынылған ғылыми басылымдар тізбесіне енгізілген ғылыми басылымдарда 3 (үш) мақала.
20____ ж. «____» _________
_________________________
(қолы)                 (Т.А.Ә.)

Қолданыстағы