Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 «Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности»

Қаулы · № 944 · қабылданған 30.12.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2011-no-645-ekb-151206/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 «Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности» Күшін жойған Қаулы ·№ 944 ·30.12.2020
17.08.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 «Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности»

Күшін жойған Қаулы ·№ 944 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 «Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности»
Атауы (қаз.)
«Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
944
Қабылданған күні
30.12.2020
Көрсетілген редакция
17.08.2023 151206_651448.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000944
ЭКБ идентификаторы
151206
Редакция идентификаторы
151206_651448
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 10:16

0 «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 531-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік қызмет «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20626 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.»;
5-тармақ алып тасталсын;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Аккредиттеуді өткізу тәртібі»;
9 және 10-тармақтар алып тасталсын;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган бекітетін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес бағалау жүргізіледі.»;
12-тармақ алып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін оның қолданысы мынадай:
1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған;
3) аккредиттеу туралы куәлікті алған субъекті (жеке тұлға) қайтыс болған (белгілі бір салада жұмыспен байланысты арнайы құқықтан айырылуына негіз болған соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайларда тоқтатылады.»;
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-тарау. Қорытынды ережелер»;
15 және 16-тармақтар алып тасталсын.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы