О внесении изменений в решение маслихата Есильского района от 8 ноября 2012 года № 10/50 "О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Есильского района от 8 ноября 2012 года № 10/50 "О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг"
- Атауы (қаз.)
- "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы" Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22/138
- Қабылданған күні
- 06.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2019 75521_398872.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13SF002412
- ЭКБ идентификаторы
- 75521
- Редакция идентификаторы
- 75521_398872
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:58
0 "Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы" Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1986 нөмірімен 2012 жылғы 10 желтоқсанда тіркелген, 2012 жылғы 21 желтоқсанда «Есіл таңы» аудандық газетінде, 2012 жылғы 28 желтоқсанда «Ишим» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне төмендегі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасында:
1-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеуге;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі («Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес азат жолы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады).
Тұрғын үй көмегі:
- аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтерді көрсету ақысын төлеуге;
жекешелендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын
үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша бюджеттің қаражаты есебінен көрсетіледі («Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес азат жолы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады).
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі:
- телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
- жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады («Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес азат жолы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады).
Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң қатынасы отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кiрiсiне Есіл ауданының тұрғындары үшін 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;
5-тармақтың 9) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.» (5-тармақтың 9) тармақшасы «Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қаулысына сәйкес азат жолы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады).».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Т. Бұжұқаев
2013 жылғы 6 қараша