О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 8 ноября 2012 года № 10/50 «О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата Есильского района Северо-Казахстанской области от 8 ноября 2012 года № 10/50 «О Правилах оказания малообеспеченным семьям (гражданам) жилищной помощи на содержание жилья и оплату коммунальных услуг»
- Атауы (қаз.)
- «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 44/279
- Қабылданған күні
- 22.09.2015
- Көрсетілген редакция
- 03.04.2019 94729_398878.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SF003419
- ЭКБ идентификаторы
- 94729
- Редакция идентификаторы
- 94729_398878
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:18
0 «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы заңының 21-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасы туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 8 қарашадағы № 10/50 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1986 нөмірімен 2012 жылғы 21 желтоқсанында тіркелген, 2012 жылғы 21 желтоқсанында «Есіл таңы» газетінде, 2012 жылғы 28 желтоқсанында «Ишим» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидасында:
1 тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
«1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен Есіл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
жекешелендірілген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды төлеуге;
тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына.
Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша көрсетіледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарды төлеу сомасының, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде отбасының (азаматтың) бiр айда тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға жұмсалған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң қатынасы отбасының (азаматтың) тұтас кiрiсiне Есіл ауданының тұрғындары үшін 10 пайыз мөлшерінде белгіленеді.»;
5 тармақтың 8), 9) тармақшалары жойылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________
Т. Бұжықаев
2015 жылғы 22 қыркүйек