О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 8 апреля 2012 года № 292 "О проведении внеочередной аттестации сотрудников правоохранительных органов Республики Казахстан"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 8 апреля 2012 года № 292 "О проведении внеочередной аттестации сотрудников правоохранительных органов Республики Казахстан"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 323
- Қабылданған күні
- 08.05.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2016 AI65322_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U1200000323
- ЭКБ идентификаторы
- 65322
- Редакция идентификаторы
- AI65322_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 02:17
0 "Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2012 жылғы 30 желтоқсанға дейін құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.»;
осы Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы ережеде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Комиссия төрағасы болып табылады.»;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясының құрамында:
мына:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы»;
осы Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 52 жолда «А.Е.Мусин» деген сөздер «К.Қ.Мәсімов» деген сөздермен ауыстырылсын.