Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 324 «Об утверждении отраслевой системы поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан»

Бұйрық · № 496 · қабылданған 24.11.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2013-no-324-ekb-148879/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 324 «Об утверждении отраслевой системы поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 496 ·24.11.2020
25.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 324 «Об утверждении отраслевой системы поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 496 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 324 «Об утверждении отраслевой системы поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
496
Қабылданған күні
24.11.2020
Көрсетілген редакция
25.04.2024 148879_699277.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021675
ЭКБ идентификаторы
148879
Редакция идентификаторы
148879_699277
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:34

0 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 8 тамыздағы № 324 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8676 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 220 (28159) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесінде:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Кредиттер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүддесінде әлеуметтік бағытталған, қоғамдық пайдалы қызметті жүзеге асыратын студенттерге қызметтің мынадай түрлері бойынша беріледі:
1) инклюзивті білім беру;
2) репетиторлық (тілдер, компьютерлік сауаттылық);
3) девиантты мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен жұмыс;
4) аула және спорт клубтарын ұйымдастыру;
5) балалармен, қарт адамдармен және мүгедектермен әлеуметтік жұмыс;
6) қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік, тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау саласындағы жұмыс;
7) емдеушілерге, қарт адамдарға және мүгедектерге қызмет көрсететін мемлекеттік және жекеменшік денсаулық сақтау ұйымдарының және басқа да әлеуметтік бағыттағы ұйымдардың жұмысына қатысу;
8) волонтерлермен республикалық және қалалық іс-шараларды өткізу кезінде жергілікті жастар ресурстық орталықтарының жұмысына қатысу;
9) туризмді дамыту мақсатында экскурсиялық қызметті (мұражайларға, кітапханаларға және қаланың басқа да көрікті жерлеріне бару) ұйымдастыру кезінде туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға жұмысқа көмек көрсету;
10) халықаралық іс-шараларды (форумдар, универсиадалар, фестивальдер, спартакиадалар) ұйымдастыруға көмек көрсету;
11) жануарларға арналған панадағы жұмыс.
Әлеуметтік-бағытталған, қоғамдық пайдалы жұмыспен айналысатын студенттер 1, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 11 - тармақшаларды қоспағанда оны онлайн-форматта жүзеге асыруға құқылы.».

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы