Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 324 «Об утверждении отраслевой системы поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан»

Бұйрық · № 79 · қабылданған 25.02.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 04.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2013-no-324-ekb-153063/on/2026-09-04/
Басып шығарылды 2026-09-04 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 324 «Об утверждении отраслевой системы поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 79 ·25.02.2021
25.04.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
04.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 324 «Об утверждении отраслевой системы поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 79 · 04.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 августа 2013 года № 324 «Об утверждении отраслевой системы поощрения Министерства образования и науки Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
79
Қабылданған күні
25.02.2021
Көрсетілген редакция
25.04.2024 153063_699281.kaz
Соңғы өзгеріс
25.04.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022272
ЭКБ идентификаторы
153063
Редакция идентификаторы
153063_699281
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 09:26

0 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 08 тамыздағы № 324 бұйрығына енгізу (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 8676 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 26 қыркүйектегі № 282 (27556) «Казахстанская правда» газетіне жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің салалық көтермелеу жүйесінде:
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Наградтау материалдары Министрліктің ведомстволық наградалар жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі – Комиссия) отырысында қаралады. Комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді және Министрліктің Аппарат басшысының қарауына енгізіледі.
10. Төсбелгімен, Министрліктің «Құрмет грамотасымен», Министрліктің Алғысымен марапаттау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Ведомстволық наградадан айырылған адам оны Министрліктің Аппарат басшысының тиісті бұйрығы қабылданған күннен бастап бір ай ішінде мемлекеттік органға қайтарады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Әрбір марапатталушыға ведомстволық наградаларды тапсырумен бір мезгілде марапаттау туралы тиісті куәлік беріледі.
Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының басшыларын қоспағанда, Министрліктің және оның ведомстволарының қызметкерлерін марапаттау туралы куәлікке Министрліктің Аппарат басшысы қол қояды.
Қалған жағдайларда марапаттау туралы куәлікке Министр қол қояды.».

2 2. Персоналды басқару қызметі (басқару құқығында) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ааппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
«__» _______ 2021 жыл

Қолданыстағы