Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Таразского городского маслихата от 8 октября 2013 года №19-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз»

Ереже · № 37-6 · қабылданған 24.12.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2013-no19-7/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Таразского городского маслихата от 8 октября 2013 года №19-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз» Күшін жойған Ереже ·№ 37-6 ·24.12.2014
15.02.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.02.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Таразского городского маслихата от 8 октября 2013 года №19-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз»

Күшін жойған Ереже ·№ 37-6 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Таразского городского маслихата от 8 октября 2013 года №19-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по городу Тараз»
Атауы (қаз.)
«Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Тараз қаласы мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы №19-7 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37-6
Қабылданған күні
24.12.2014
Қолданысқа енгізілген күні
07.02.2015
Көрсетілген редакция
15.02.2019 86052_390448.kaz
Соңғы өзгеріс
15.02.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14GA002477
ЭКБ идентификаторы
86052
Редакция идентификаторы
86052_390448
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:23

0 «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік

көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын бекіту
туралы» Тараз қаласы мәслихатының
2013 жылғы 8 қазандағы №19-7 шешіміне
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекiту туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2013 жылғы 8 қазандағы № 19-7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2037 болып тіркелген, 2013 жылы 20 қарашада № 47 «Жамбыл Тараз» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
3 тармақ келесі басылымдағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) ең төмен күнкөріс деңгейі – Жамбыл облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс»
7 тармақтағы:
«100 000» сандары «150 000» сандарымен ауыстырылсын, «(жүз мың)» сөздері «(жүз елу мың)» сөздерімен ауыстырылсын;
8 тармақ келесі басылымда жазылсын:
«Ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен ауыратын, амбулаториялық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға 8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, мерзімді (ай сайын, алты ай бойында) әлеуметтік көмек көрсетіледі.»;
9 тармақтың төртінші абзацы келесі басылымда жазылсын:
«Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде, ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар мұқтаж азаматтар алты ай ішінде уәкілетті органға өтініш береді.»;
10 тармақтың үшінші абзацы келесі басылымда жазылсын:
«Әлеуметтік көмек үшін, ең төмен күнкөріс деңгейінің 10 еселік көлемінен аспайтын орташа табысы бар, жалпы білім беретін мектептердің мұқтаж бітірушілері, ағымдағы жылдың 20 тамызына дейін уәкілетті органға өтініш береді.»;
11 тармақ келесі басылымда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне табиғи газ төлемі және телефонның абоненттік ақысы үшін шығындарды өтеуге, мерзімді (ай сайын) әлеуметтік көмек көрсетіледі».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, жастар саясаты және әлеуметтік орта жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы