О внесении изменений и дополнений в решение акима Алатауского района города Алматы от 8 апреля 2014 года за № 1р «Об образовании избирательных участков по Алатаускому району города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение акима Алатауского района города Алматы от 8 апреля 2014 года за № 1р «Об образовании избирательных участков по Алатаускому району города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі №1ш «Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1р
- Қабылданған күні
- 26.02.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2019 87060_410551.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15RC001137
- ЭКБ идентификаторы
- 87060
- Редакция идентификаторы
- 87060_410551
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 16:26
0 Алматы қаласы Алатау ауданы
әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі
№ 1ш «Алматы қаласы Алатау
ауданында сайлау учаскелерін
құру туралы» шешіміне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 768 «Алматы қаласының шекарасын өзгерту туралы» Жарлығына сәйкес Алматы қаласы аумағына елді-мекендердің қосылуына байланысты,
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23-бабының 1-тармағының және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының негізінде аудан әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі № 1ш «Алматы қаласы Алатау ауданында сайлау учаскелерін құру туралы» шешімінің қосымшасына (нормативтік құқықтық акті 2014 жылғы 23 сәуірде нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 1029 болып енгізілген, 2014 жылғы 29 сәуірде № 49-51 «Алматы ақшамы» және 2014 жылғы 1 мамырдағы № 51-52 «Вечерний Алматы» газетінде ресми жарияланған) осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2 2. Осы шешімнің интернет-русурсында жария етуін қамтамасыз ету.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің аппарат басшысы Б.О. Торламбаевқа жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
Алматы қаласының сайлау
комиссиясының төрағасы
Б. Доспанов
«26» ақпан 2015 жыл
5 Аудандық сайлау комиссиясының орталығы Өтемісұлы көшесі, 109 үй, № 169 Жалпы білім беру мектебі, телефон: 263-78- 88, 227-38-00
Алатау ауданы әкімінің
2015 жылғы 26 ақпандағы № 1ш шешіміне қосымша
Аудандық сайлау комиссиясының орталығы Өтемісұлы көшесі, 109 үй, № 169 Жалпы білім беру мектебі, телефон: 263-78- 88, 227-38-00
Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшамауданы, К.Шарипов көшесі, 38 үй, № 154 Жалпы білім беру мектебі, телефон: 256-60-86
Сайлау учаскесінің шекарасы:
Б.Момышұлы көшесінен солтүстік бағытта Шуланов көшесіне, солтүстік-шығыс бағытта Рысқұлов даңғылына, шығыс бағытта Саин көшесіне, оңтүстік бағытта Райымбек даңғылына, батыс бағытта Б.Момышұлы көшесіне дейін.
Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-1 ықшамауданы,
Өтемісұлы көшесі, 109 үй, № 169 Жалпы білім беру мектебі, телефон: 275-83-60
Сайлау учаскесінің шекарасы:
Сайлау учаскесінің оңтүстік шекарасы Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 ықшамауданының шекарасынан Қарқара көшесі бойымен шығыс бағытта Алпамыс көшесіне дейін. Алпамыс көшесінің жұп жағымен шығыс бағытта Үлкен Алматы өзеніне дейін.
Сайлау учаскесінің шығыс шекарасы Үлкен Алматы өзені жағалауымен солтүстік бағытта Үлкен Алматы каналына дейін.
Сайлау учаскесінің солтүстік шекарасы Үлкен Алматы каналы бойымен батыс бағытта Шаңырақ-2 және Шаңырақ-1 ықшамаудандарының шекарасына дейін.
Сайлау учаскесінің батыс шекарасы Шаңырақ-2 және Шаңырақ-1 ықшамаудандары шекарасының Үлкен Алматы каналынан оңтүстік бағытта шекара бойымен Қарқара көшесіне дейін.
Орталығы: Алматы қаласы, Ұлжан-1 ықшамауданы, 81 үй, №152 Жалпы білім беру мектебі, телефон: 227-25-04
Сайлау учаскесінің шекарасы:
Сайлау учаскесінің солтүстік шекарасы Үлкен Алматы каналының үлкен Алматы өзені қиылысынан шығысқа қарай Ащыбұлақ өзеніне дейін.
Сайлау учаскесінің Шығыс шекарасы Ащыбұлақ өзенімен Үлкен Алматы каналының қиылысынан оңтүстік бағытта Бесқарағай көшесіне дейін.
Сайлау учаскесінің оңтүстік шекарасы Ащыбұлақ өзенімен Бесқарағай көшесінің қиылысынан Бесқарағай көшесінің тақ жағымен батыс бағытта Үлкен Алматы өзеніне дейін.
Батыс шекарасы Бесқарағай көшесімен Үлкен Алматы өзенінің қиылысынан солтүстік бағытта Үлкен Алматы өзені жағалауымен Үлкен Алматы каналына дейін.
Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшамауданы, Шарипов көшесі, 38 үй, № 154 Жалпы білім беру мектебі, телефон: 226-85-37
Сайлау учаскесінің шекарасы:
Рысқұлов даңғылынан Рүстемов көшесінің бойымен солтүстік бағытта, Шарипов көшесі бойымен солтүстік бағытта Әйгерім-2 және Ақбұлақ ықшамаудандарының шекарасына дейін, су қорғау аймағы жағалауымен оңтүстік бағытта Абдрашұлы көшесіне, оңтүстік бағытта Өтейбойдақ көшесіне, Өтейбойдақ көшесі бойымен оңтүстік-шығыс бағытта Рысқұлов даңғылына, батыс бағытта Рүстемов көшесіне дейін.
Орталығы: Алматы каласы Алғабас-1 ықшамауданы, 1/65 үй, № 182 Жалпы білім беру мектебі. телефон: 248-59-62
Сайлау учаскесінің шекарасы:
Момышұлы көшесі (солтүстік) бойынан бастап Ақынсара көшесі (шығыс) мен «Әйгерім» ықшамауданы (оңтүстік) шекарасы бойымен Қасым Шарипов көшесі (оңтүстік) бойымен Рысқұлов даңғылына (батыс) қарай Шуланов көшесі бойымен (оңтүстік) Момышұлы көшесіне деін.
Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-1 ықшамауданы, Өтемісұлы көшесі,109 үй, № 169 Жалпы білім беру мектебі, телефон: 263-75-35
Сайлау учаскесінің шекарасы:
Сайлау учаскесінің оңтүстік шекарасы Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 ықшамауданының шекарасынан Ақын Сара көшесі бойымен шығыс бағытта Үлкен Алматы өзеніне дейін. Сайлау учаскесінің шығыс шекарасы Үлкен Алматы өзені жағалауымен Шаңырақ-1 ықшамауданының Ақын Сара көшесінен солтүстік бағытта Алпамыс көшесіне дейін. Сайлау учаскесінің солтүстік шекарасы Үлкен Алматы өзені жағалауынан Алпамыс көшесінің тақ жағымен Қарқара көшесіне дейін, Қарқара көшесі бойымен батыс бағытта Шаңырақ-2 және Шаңырақ-1 ықшамаудандарының шекарасына дейін. Сайлау учаскесінің батыс шекарасы Шаңырақ-2 және Шаңырақ-1 ықшамаудандарының шекарасы бойымен оңтүстік бағытта Қарқара көшесінен Ақын Сара көшесіне дейін.
Орталығы: Алматы қаласы, Шаңырақ-1 ықшамауданы, Өтемісұлы көшесі,73 үй, Олимпиада резервінің Республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі, телефон: 245-86-73, 245-86-49
Сайлау учаскесінің шекарасы
Сайлау учаскесінің оңтүстік шекарасы Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 ықшамаудандары шекарасынан, Қосағаш көшесінің бойымен оңтүстік-шығыс бағытта Шаңырақ-1 және Ұлжан ықшамауданының шекарасына дейін.
Сайлау учаскесінің шығыс шекарасы Шаңырақ-1 және Ұлжан ықшамауданының шекарасы бойымен солтүстік бағытта Ақын Сара көшесіне дейін.
Сайлау учаскесінің солтүстік шекарасы Ақын Сара көшесінің бойымен батысқа қарай Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 ықшамауданының шекарасына дейін.
Сайлау учаскесінің батыс шекарасы Шаңырақ-1 және Шаңырақ-2 ықшамауданының шекарасынан Қосағаш көшесінің бойымен оңтүстікке қарай Шаңырақ-1 ықшамауданының Жарқынбаев көшесіне дейін.
Орталығы: Алматы қаласы, Ұлжан-1 ықшамауданы,
Қ.Жалайыри көшесі 34 үй, № 23 қалалық емхана, телефон: 227-48-50
Сайлау учаскесінің шекарасы:
Сайлау учаскесінің солтүстік шекарасы Үлкен Алматы каналымен Ащыбұлақ өзенінің қиылысынан шығысқа қарай Тереңқара өзеніне дейін.
Сайлау учаскесінің Шығыс шекарасы Тереңқара өзенімен Үлкен Алматы каналының қиылысынан оңтүстік бағытта Құрылысшы ықшамауданының Кольцовая көшесіне дейін.
Сайлау учаскесінің оңтүстік шекарасы Ащыбұлақ өзенімен Кольцевая көшесінің қиылысынан жоғарғы кернеулі электр желісі (ЛЭП) бойымен батыс бағытта Үлкен Алматы өзеніне дейін.
Батыс шекарасы жоғарғы кернеулі электр желісінің (ЛЭП) Үлкен Алматы өзенінің қиылысынан солтүстік бағытта Үлкен Алматы өзені жағалауымен Бесқарағай көшесіне дейін. Бесқарағай көшесінің жұп жағымен шығыс бағытта Ащыбұлақ өзеніне дейін. Бесқарағай көшесімен Ащыбұлақ өзенінің қиылысынан, Ащыбұлақ өзенінің жағалауымен солтүстік бағытта Үлкен Алматы каналына дейін.
Орталығы: Алматы қаласы, Ақбұлақ ықшамауданы, Шуланов көшесі 159 үй, Алматы қаласының орталық мемлекеттік мұрағаты, телефон: 398-85-26
Момышұлы көшесінен Шуланов көшесі бойымен солтүстік – шығыс бағытта Рысқұлов даңғылына дейін, Рысқұлов даңғылы бойымен шығыс бағытта Шарипов көшесіне, Шарипов көшесі бойымен солтүстік бағытта Шарифханов көшесіне, Шарифханов көшесі бойымен шығыс бағытта Рүстемов көшесіне, Рүстемов көшесі бойымен солтүстік бағытта Шарипов көшесіне, Шарипов көшесімен солтүстік бағытта ескі МТФ фермасына дейін, Шарипов көшесінен батыс бағытта Момышұлы көшесіне дейін, Момышұлы көшесінен оңтүстік бағытта Шуланов көшесінің бұрышына дейін.
Орталығы: Алматы қаласы, Алғабас ықшамауданы, Байдібек би көшесі, 16 үй, №185 Жалпы білім беру мектебі, телефон: 307-93-15
Сайлау учаскесінің шекарасы:
Алғабас ықшамауданы толығымен кіреді.
Орталығы: Алматы қаласы, Теректі ықшамауданы, Мектеп көшесі,6 «б» үй, №184 Жалпы білім беру мектебі, телефон: 388-40-91
Сайлау учаскесінің шекарасы:
Теректі ықшамауданы толығымен кіреді.
Орталығы: Алматы қаласы Рахат ықшамауданы,
Байжанов көшесі, 1 үй, №196 Жалпы білім беру мектебі
телефон: 308-25-86
Сайлау учаскесінің шекаралары:
Рахат, Мәдениет ықшамаудандары толығымен кіреді.
Орталығы: Алматы қаласы Боралдай ықшамауданы,
Момышұлы көшесі, 56 үй, №39 гимназия. телефон: 8(727)5230020
Сайлау учаскесінің шекарасы:
Космонавттар көшесімен Строительная көшесінің қилысынан бастап оңтүстікке қарай БЕНТ көлдері бойымен Дачная көшесімен Көксу көшесінің қилысына дейін. Көксу көшесінің бойымен батыс бағытта Саин көшесіне дейін. Саин көшесінің бойымен солтүстік бағытта Космонавттар көшесіне дейін. Космонавттар көшесінің бойымен шығыс бағытта Строительная көшесіне дейін.