Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 декабря 2014 года № 183 «Об утверждении перечня нефтепродуктов, на которые устанавливается государственное регулирование цен»

Бұйрық · № 240 · қабылданған 14.07.2022
Заңдық күші: Мәртебесі расталмаған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2014-no-183-ekb-169840/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 декабря 2014 года № 183 «Об утверждении перечня нефтепродуктов, на которые устанавливается государственное регулирование цен» Мәртебесі расталмаған 10.01.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 декабря 2014 года № 183 «Об утверждении перечня нефтепродуктов, на которые устанавливается государственное регулирование цен»

Мәртебесі расталмаған Бұйрық № 240 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 декабря 2014 года № 183 «Об утверждении перечня нефтепродуктов, на которые устанавливается государственное регулирование цен»
Атауы (қаз.)
«Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Мәртебесі расталмаған
Тізілімдегі мәртебе коды
vexp
Нөмірі
240
Қабылданған күні
14.07.2022
Көрсетілген редакция
10.01.2023 169840_688823.kaz
Соңғы өзгеріс
10.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028808
ЭКБ идентификаторы
169840
Редакция идентификаторы
169840_688823
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:02
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9959 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай тасымалдау және өңдеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және күнтізбелік бір жүз сексен күн ішінде қолданылады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

8 Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2022 жылғы 14 шілдедегі
№ 240 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 183 бұйрығымен
бекітілді
Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленетін мұнай өнімдерінің тізбесі

1. Аи-80 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.

2. Аи-92 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.

3. Аи-93 маркалы бензин, бөлшек саудада өткізу.

4. Дизель отыны (жазғы, маусымаралық), бөлшек саудада өткізу.