О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 8 июля 2014 года № 23/6-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бескарагайском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Бескарагайского районного маслихата от 8 июля 2014 года № 23/6-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бескарагайском районе»
- Атауы (қаз.)
- «Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 23/6-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 29/6-VI
- Қабылданған күні
- 17.10.2018
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2020 125783_458103.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18VG000139
- ЭКБ идентификаторы
- 125783
- Редакция идентификаторы
- 125783_458103
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:53
0 «Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 23/6-V
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 23/6-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3442 нөмірімен тіркелген, «Бесқарағай тынысы» газетінің 2014 жылғы 23 тамыздағы № 68 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген, Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.
Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян келтірілген азаматқа көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 70 (жетпіс) айлық көрсеткіштен аспауы тиіс.
Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 215 (екі жүз он бес) айлық есептік көрсеткішті құрайды.».
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні - 15 ақпан, басқа мемлекеттер аумақтарындағы әскери іс-әрекеттің қатысушыларына – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;
2) Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз:
«Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған көпбалалы аналарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
кәмелеттік жасқа толмаған балаларымен бірге тұратын төрт және оданда көп балалары бар көп балалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш.
3) Халықаралық радиациялық апаттар мен зілзала құрбандарын еске алу күні - 26 сәуір:
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-ндағы зілзала салдарын, басқа да радиациялық зілзалаларды және азаматтық немесе әскери тағайындалған нысандардағы апаттарды жоюға қатысқан тұлғаларға, сонымен қатар тікелей ядролық сынақтарға және оқуларға қатысқандарға – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль АЭС-ндағы зілзала салдарын, басқа да радиациялық зілзалаларды және азаматтық немесе әскери тағайындалған нысандардағы апаттарды жою, ядролық қару сынағы кезінде мүгедек болып қалған тұлғаларға - 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-ндағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға -35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш.
4) Жеңіс күні - 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 215 (екі жүз он бес) айлық есептік көрсеткіш;
қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан жауынгерлердің жесірлеріне – 35 (отыз бес) айлық есептік көрсеткіш;
қайтыс болған соғыс мүгедектердің қайта некеге отырмаған зайыптарына – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 21 маусым және 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген (қызмет еткен) тұлғаларға – 4,5 (төрт бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш.».