О внесении изменений и дополнений в решение Бескарагайского районного маслихата от 8 июля 2014 года № 23/6-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бескарагайском районе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Бескарагайского районного маслихата от 8 июля 2014 года № 23/6-V «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан в Бескарагайском районе»
- Атауы (қаз.)
- Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 23/6-V «Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 39/5-VI
- Қабылданған күні
- 12.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 16.04.2020 132504_458101.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.04.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19VG006019
- ЭКБ идентификаторы
- 132504
- Редакция идентификаторы
- 132504_458101
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:33
0 Бесқарағай аудандық мәслихатының
2014 жылғы 8 шілдедегі № 23/6-V «Бесқарағай ауданында
әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 23/6-V «Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3442 нөмірімен тіркелген, «Бесқарағай тынысы» газетінің 2014 жылғы 23 тамыздағы № 68 санында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Бесқарағай ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
6-тармақ 6-1- тармақ болып есептелсін.
6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«6. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін Бесқарағай аудандық әкімдігі белгілейді және Бесқарағай аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі.
Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
3) Бесқарағай аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады;
4) көпбалалық және/немесе отбасында Бесқарағай ауданының мектепке дейінгі ұйымдарына баратын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың болуы.»;
6-1-тармақтағы:
2-1), 5) және 7) тармақшалар келесі редакцияда жазылсын:
«2-1) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;
5) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршілігі шектелген адамдар;
7) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға алып келген қатыгездікке ұшыраған адамдар;»;
6-1-тармақ келесі мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) мектепке дейінгі ұйымдарға баратын көпбалалы отбасылардағы балалар және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар.»;
7-тармақ келесі абзацпен толықтырылсын:
«Осы Қағидалардың 6-1-тармағының 13) тармақшасында көрсетілген алушылар санаты үшін жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің алты еселік мөлшерінде белгіленсін.».