О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 8 декабря 2014 года № 247 «Об определении перечня социально значимых пассажирских межобластных сообщений»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 8 декабря 2014 года № 247 «Об определении перечня социально значимых пассажирских межобластных сообщений»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1082
- Қабылданған күні
- 23.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2015 96476_52969.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012430
- ЭКБ идентификаторы
- 96476
- Редакция идентификаторы
- 96476_52969
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:30
0 «Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін
айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 247 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 10069 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтiк маңызы бар облысаралық жолаушылар қатынастарының тізбесінде:
6, 7, 20, 26 және 32-тармақтар алынып тасталсын;
36 және 37-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:
«36. Астана – Маңғышлақ.
37. Караганда – Озинки.»;
37-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «Қарағанды – Озинки»;
40-тармақ алынып тасталсын;
49-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«49. Қарағанды – Семипалатинск.»;
55-тармақ алынып тасталсын;
56-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«56. Қызылорда – Семипалатинск.»;
57 және 60-тармақтар алынып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.