О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 8 октября 2014 года № 307 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области ветеринарии»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Атырауской области от 8 октября 2014 года № 307 «Об утверждении регламентов государственных услуг в области ветеринарии»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қазандағы №307 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 128
- Қабылданған күні
- 30.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 27.11.2015 89863_60541.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15T0003212
- ЭКБ идентификаторы
- 89863
- Редакция идентификаторы
- 89863_60541
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:14
0 Атырау облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 қазандағы №307
«Ветеринария саласындағы
мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
регламенттерін бекіту туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына және «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 8 қазандағы №307 «Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3034 тіркелген, 2014 жылғы 15 қарашадағы «Атырау» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
мемлекеттік тілдегі мәтінде 1-тармақтағы «облсытық» деген сөз «облыстық» деген сөзбен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді;
орыс тіліндегі мәтінде 3-тармақтағы «переофорление» деген сөз «переоформление» деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді;
2 2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет Регламентінде:
орыс тіліндегі мәтінде 1-тармақтағы «ветиринарными» деген сөз «ветеринарными» деген сөзбен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгертілмейді.