Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 8 октября 2014 года № 31-241 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Зерендинском районе»

Өзге акт · № 3-19 · қабылданған 20.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2014-no-31-241-ekb-180610/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 8 октября 2014 года № 31-241 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Зерендинском районе» Қолданыста Өзге акт ·№ 3-19 ·20.04.2023
20.04.2023 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 8 октября 2014 года № 31-241 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Зерендинском районе»

Қолданыста Өзге акт ·№ 3-19 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Зерендинского районного маслихата от 8 октября 2014 года № 31-241 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа детей с инвалидностью по индивидуальному учебному плану в Зерендинском районе»
Атауы (қаз.)
Зеренді аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 қазандағы № 31-241 «Зеренді ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
3-19
Қабылданған күні
20.04.2023
Көрсетілген редакция
20.04.2023 180610_627618.kaz
Соңғы өзгеріс
20.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23BN854703
ЭКБ идентификаторы
180610
Редакция идентификаторы
180610_627618
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:43

0 Зеренді аудандық мәслихатының 2014 жылғы 8 қазандағы № 31-241 «Зеренді ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Зеренді аудандық мәслихатының «Зеренді ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» 2014 жылғы 8 қазандағы № 31-241 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4421 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің косымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Зеренді ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі - Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.»;
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу өтініш берілген айдан бастап мүгедектігі бар баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнынан анықтамада көрсетілген мерзім аяқталған айға дейін жүргізіледі.»;
6 - тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

6

«6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі–портал) арқылы Шығындарды өтеу қағидаларының 3 - қосымшасына сәйкес «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2 - қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы