Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 8 июля 2014 года № 70 «О создании централизованного банка данных лиц, не исполнивших обязательства по исполнительным документам, а также лиц, добровольно не исполнивших постановления о наложении административного штрафа (централизованный банк данных должников), и утверждении Инструкции по его ведению»

Бұйрық · № 4 · қабылданған 05.01.2015
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2014-no-70/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 8 июля 2014 года № 70 «О создании централизованного банка данных лиц, не исполнивших обязательства по исполнительным документам, а также лиц, добровольно не исполнивших постановления о наложении административного штрафа (централизованный банк данных должников), и утверждении Инструкции по его ведению» Қолданыста Бұйрық ·№ 4 ·05.01.2015
05.01.2015 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.01.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 8 июля 2014 года № 70 «О создании централизованного банка данных лиц, не исполнивших обязательства по исполнительным документам, а также лиц, добровольно не исполнивших постановления о наложении административного штрафа (централизованный банк данных должников), и утверждении Инструкции по его ведению»

Қолданыста Бұйрық ·№ 4 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Генерального Прокурора Республики Казахстан от 8 июля 2014 года № 70 «О создании централизованного банка данных лиц, не исполнивших обязательства по исполнительным документам, а также лиц, добровольно не исполнивших постановления о наложении административного штрафа (централизованный банк данных должников), и утверждении Инструкции по его ведению»
Атауы (қаз.)
Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құру және оны жүргізу жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі № 70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
4
Қабылданған күні
05.01.2015
Көрсетілген редакция
05.01.2015 86466_96169.kaz
Соңғы өзгеріс
05.01.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15W0010196
ЭКБ идентификаторы
86466
Редакция идентификаторы
86466_96169
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:06

0 Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді

орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік
айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде
орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған
деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған
деректер банкі) құру және оны жүргізу жөніндегі
Нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі
№70 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілуіне байланысты атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін жүргізу мен пайдалануды әрі қарай жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының  11 бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құру және оны жүргізу жөніндегі Нұсқаулығын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 8 шілдедегі №70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9628 санымен тіркелген, 2014 жылғы 15 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйені даму мен жетiлдiру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексін қолдану барысында мемлекеттік органдарды ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы»1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңының  11 бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып»;
аталған бұйрықпен бекітілген атқарушы құжаттар бойынша міндеттемелерді орындамаған тұлғалардың, сондай-ақ әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыларды ерікті түрде орындамаған тұлғалардың орталықтандырылған деректер банкін (борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі) құру және оны жүргізу жөніндегі Нұсқаулығында (бұдан әрі - Нұсқаулық):
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. ДОДБ әкімшілік құқық бұзушылықты айқындауға және (не) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті мемлекеттік органдарымен (бұдан әрі - әкімшілік тәжірибе субъектілері), «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкін құру және оның жүргізілуі жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2014 жылғы 10 қазандағы №114 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9869 тіркелген, 2014 жылғы 24 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес (бұдан әрі – № 114 бұйрық) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – ҚСжАЕАК) автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ААЖ) мәліметтері және атқарушы өндіріс органдарымен, «Сот актілерін орындау бойынша жұмыс туралы» №4 нысанды есепті және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 9 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9169 тіркелген, 2014 жылғы 28 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) сәйкес ұсынылатын ақпараттық-есеп құжаттарының негізінде қалыптастырылады.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9 бабымен көзделген атқарушы құжаттары бойынша мәліметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау бойынша департаменті (бұдан әрі – САОД) ААЖ-де тұрып және ҚСжАЕАК ААЖ арқылы автоматты түрде БОДБ-не келіп түседі.
Сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізуді қысқарту туралы нәтижесін дереу САОД ААЖ-не енгізеді.»;
8-тармақтың 1- бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Әкімшілік тәжірибе субъекті, әкімшілік жазасын салу жөнінде қаулысын орындауға жүктелген лауазымды тұлғадан не тікелей құқық бұзушыдан әкімшілік айыппұлды салу жөнінде қаулыны орындау туралы растайтын құжаттарды (түбіртек, төлеу туралы төлем тапсырмасы) алған кезде №114 бұйрығымен сәйкес ҚСжАЕАК ААЖ тиісті мәліметтерімен дереу толтырады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. БОДБ деректердің толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында, атқарушылық іс жүргізудің аумақтық органдар және ҚСжАЕАК басқармалар айда бір рет (есептік айдан кейінгі айдың 2 күніне дейін) САОК пен ҚСжАЕАК жүйелердің арасында борышкерлер бойынша деректердің салыстыруын өткізеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамсыз етсін;

2 2) осы бұйрықты мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттiң Төрағасына жүктелсiн.

4 4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы