Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 1-1/1069 «Об утверждении Правил субсидирования затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов»

Бұйрық · № 236 · қабылданған 23.07.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2015-no-1-11069-ekb-145166/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 1-1/1069 «Об утверждении Правил субсидирования затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов» Қолданыста Бұйрық ·№ 236 ·23.07.2020
23.07.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.07.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 1-1/1069 «Об утверждении Правил субсидирования затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 236 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 1-1/1069 «Об утверждении Правил субсидирования затрат ревизионных союзов сельскохозяйственных кооперативов на проведение внутреннего аудита сельскохозяйственных кооперативов»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
236
Қабылданған күні
23.07.2020
Көрсетілген редакция
23.07.2020 145166_474414.kaz
Соңғы өзгеріс
23.07.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021024
ЭКБ идентификаторы
145166
Редакция идентификаторы
145166_474414
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:25

0 «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12677 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 қаңтарда «Әділет» ақпаратттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41-5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10 - бабы 1) тармақшасына сәйкес Бұйырамын:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі

1 Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары

Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2020 жылғы 23 шілдесі № 236
Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№1-1/1069 бұйрығымен
бекітілген
Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы

8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының
41-5) тармақшасына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
1) тармақшасына (бұдан әрі — Заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау тәртібін, сондай-ақ «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.

2 2.Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1

1) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одағы (бұдан әрі – тексеру одағы) – коммерциялық емес ұйым нысанында құрылған және оған кіретін ауыл шаруашылығы кооперативтерінің қаржылық-шаруашылық қызметінің ішкі аудитін, осы қызметті үйлестіруді, тексеру одағының мүшелеріне ішкі аудитке ілеспе қызметтер көрсетуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, тексеру одағының құрылтай құжаттарында көзделген өзге де қызметті жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ерікті бірлестігі;

2

2) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органының құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

3 3) өтінім – ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын өтеу үшін тексеру одақтарының субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiм;

4 4) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға арналған өтінімдер, сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрініс табатын өзге де мәліметтер;

5

5) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, «электрондық үкіметтің» веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімнің субсидиялау талаптарына сәйкестігін автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

6 6) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы – Интернет желісінде орналасқан, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

7

7) «электрондық үкіметтің» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

8

8) ішкі аудит қорытындысы – кооператив мүшелеріне және кооперативтің бухгалтерлік есептілігін өзге де пайдаланушыларға арналған және тексеру одағының кооперативтің бухгалтерлік есептілігінің дұрыстығы, кооперативтің бухгалтерлік есептілікті жүргізу тәртібінің заңнамаға сәйкестігі, кооперативті басқару органдарының жарғының және заңнаманың ережелерін сақтауы туралы білдірген пікірін, сондай-ақ кооперативтің, кооперативтер одағының қаржылық-шаруашылық қызметі нәтижелерінің нашарлауына немесе олардың дәрменсіздігіне (банкроттығына) әкеп соғуы мүмкін анықталған бұзушылықтар туралы деректерді қамтитын ресми құжат;

9 9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

3

3. Жергілікті атқарушы орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау бойынша жеке айлық қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін оны субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталына орналастырады.

2 2-тарау. Субсидиялар алушылар

4 4. Субсидиялар тексеру одақтарына ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын өтеу үшін төленеді.

3 3-тарау. Субсидияларды алу шарттары

5 5. Субсидияларды алудың шарттары мыналар болып табылады:

1

1) «PDF (Portable Document Format)» электрондық форматындағы ішкі аудит қорытындысын (қол қойылған және тексеру одағының мөрімен расталған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса бере отырып, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім (бұдан әрі – өтінім) беру.
Субсидияларды беру процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ субсидияларды беру ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын субсидиялар алуға қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2 - қосымшаға сәйкес «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған.
Жергілікті атқарушы орган субсидияларды алу сатысы туралы деректерді Заңның 5-бабы 2-тармағы 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді .
«Электрондық үкімет» веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы
24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес жүзеге асырылады;

2 2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімнің тіркелуі;

3 3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы тексеру одағына өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүнкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол тіркелген сәтінен бастап берілген болып есептеледі;

4

4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізу бойынша қызмет көрсету фактісінің расталуы (тексеру одағының тиісті электрондық шот-фактурасының болуы);

5 5) өзіне (өздеріне) қатысты өтінім берілген ауыл шаруашылығы кооперативінің (-терінің) ішкі аудитін жүргізуге ағымдағы жылы субсидиялар төленбеген болуы.

6 6. Субсидияларды беруге арналған қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда, жергілікті атқарушы орган ақпараттық жүйеге қолжетілімділікті беретін көрсетілетін қызметті жеткізушіні туындаған жағдай туралы дереу хабардар етеді, ол оны жоюға кіріседі.

Бұл ретте, көрсетілетін қызметті жеткізуші туындаған ақауды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізгеннен кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған жергілікті атқарушы орган қол қояды.

4 4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

7 7. Ағымдағы жылы жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің ішкі аудитін жүргізуге арналған өтінім тіркелген сәтке 130 (жүз отыз) айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшердегі шығындар субсидиялауға жатады.

5 5-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі

8 8. Өтінімдерді қабылдау тексеру одағының аудиті жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің тіркелген жері бойынша (заңды мекенжайы бойынша) жылдың 1 ақпаны мен 1 желтоқсаны (қоса есептегенде) аралығында, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

9 9. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы арқылы тізім деректеріне қолжетімділік (бұдан әрі – Жеке кабинет) беру үшін:

1 1) тексеру одағында субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өздігінен тіркелу үшін ЭЦҚ-сы болады;

2 2) жергілікті атқарушы орган жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзектендірілген тізімін жолдайды.

10 10. Жеке кабинетте тіркелу үшін тексеру одағы мынадай мәліметтерді көрсетеді:

1 1) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi – толық атауы, бірінші басшының аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі, жеке сәйкестендіру нөмірі;

2 2) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);

3 3) екінші деңгейлі банктегі ағымдағы шотының деректемелері.

Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, тексеру одағы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шот деректерін өзгертеді.

11 11. Жеке кабинетте өтінімді қалыптастыру және тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1 1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің осы Қағидалардың 5-тармағы

4) тармақшасының талаптарын тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып, өтінім қалыптастырылады;

2 2) өтінім оған тексеру одағының ЭЦҚ-сын қою жолымен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және жергілікті атқарушы органның Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Жергілікті атқарушы органның электрондық мекенжайына өтінімнің қарастыруға келіп түскені туралы электрондық мәлімдеме жолданады.

Тексеру одағы жергілікті атқарушы орган төлем шотын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректердің сәйкессіздігін анықтаса, тексеру одағының қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға мүмкіндігі бар.

12

12. Жергілікті атқарушы орган өтінім тіркелген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оның қабылданғанын ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, қол қою жолымен растайды, тексеру одағының жеке кабинетіне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында субсидияларды аудару туралы хабарлама не осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту жібереді. Осы хабарлама және мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту тексеру одағының жеке кабинетінде қолжетімді болады.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болып табылады:

1 1) Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін тексеру одағы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;

2 2) тексеру одағының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

14 14. Жергілікті атқарушы орган Қаржыландыру жоспарына сәйкес «электрондық үкімет» веб-порталында «Қазынашылық-Клиент» ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлем шотын осы Қағидалардың

13-тармағына сәйкес өтінімнің қабылданғаны расталғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде қалыптастырады.
Субсидиялар көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асып түсетін өтінімдер бойынша субсидиялар төлеу келесі айда өтінім берілген сәттен бастап кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.

6 6-тарау. Жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

15

15. Субсидиялар алу мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жергілікті атқарушы органы басшысына, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілеттік орган), мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

16 16. Тексеру одағының шағымын Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес мыналар қарауы тиіс:

жергілікті атқарушы орган, уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде.

17 17. Жергілікті атқарушы органның, уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес қажет болған жағдайда, он жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады:

1 1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге бара отырып тексеру жүргізу;

2 2) қосымша ақпарат алу.

Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымдарды қарау жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген тексеру одағына ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.

18 18. Тексеру одағы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, Заңның 4-бабы 1-тармағы 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

1.1 Өтінім

Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Облыстың республикалық маңызы
бар қалалардың, астананың,
жергілікті атқарушы органның
құрылымдық бөлімшесіне
(кімнен)_____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы)
Өтінім
Ауыл шаруашылығы кооперативінің тексеру одағының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған ________ теңге сомасындағы шығындарын субсидиялауды сұраймын.

1 1. Тексеру одағының деректері:

Атауы ________________________________________________________________
БСН __________________________________________________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________
мекенжайы ____________________________________________________________
телефон (факс) нөмірі ___________________________________________________

2 2. Екінші деңгейлі банктегі тексеру одағының ағымдағы шотының мәліметтері:

БСН __________________________________________________________________
Кбе ___________________________________________________________________
Банк деректемелері _____________________________________________________
Банк атауы ____________________________________________________________
БСК __________________________________________________________________
ЖСК _________________________________________________________________

3 3. Ауыл шаруашылығы кооперативтеріне ішкі аудит жүргізілгенін растайтын шот-фактура туралы мәліметтер:

шот-фактура нөмірі _____________________________________________________
берілген күні ___________________________________________________________

4 4. Ішкі аудит қорытындысынан мәліметтер:

Оған қатысты ішкі аудит жүргізілген ауыл шаруашылығы кооперативінің БСН-сы
______________________________________________________________________;
ауыл шаруашылығы кооперативінің атауы __________________________________;
қорытынды берілген күн _________________________________________________;
Қорытындыдағы ішкі аудит пікірі (сөзсіз оң, шартты оң, теріс, пікір білдіруден бас тарту).
Өтінім беруші 20__ жылғы «__» __________ сағат _ қол қойды және жіберді:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні мен уақыты
Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:
ЭЦҚ-дан алынған деректер
ЭЦҚ қою күні мен уақыты
Ескертпе:
аббревиатуралардың толық жазылуы:
БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі
БСК – банктік сәйкестендіру коды
ЖСК – жеке сәйкестендіру коды
ЭЦК – электрондық цифрлық қолтаңба
Кбе – бенефициардың коды

2 «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Об­лы­стар­дың, Нұр-Сұл­тан, Ал­ма­ты және Шым­кент қа­ла­ла­ры­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
Заң­ды тұ­лға­лар­дың (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы) өті­нім­дер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
3 (үш) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Суб­си­ди­я­лар­ды ауда­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма неме­се мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – 2015 жы­л­ғы 23 қа­ра­ша­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – Заң) 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін;
2) пор­тал­да – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі Ко­дек­с­ке және Заң­ның 5-ба­бы­на сәй­кес жү­гін­ген кез­де өті­нім­дер­ді қа­был­дау неме­се Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) ти­іс­ті көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
2) www.​moa.​gov.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
Қыз­мет­ті алушы пор­тал­ға көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да суб­си­дия алу­ға өті­нім­ді ұсы­на­ды.
Өті­нім­дер есеп­ті жыл­дан кей­ін­гі жыл­дың 1 ақ­па­ны­нан 1 жел­тоқ­са­ны­на дей­ін (қо­са ал­ған­да) қа­был­да­на­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту­ға мы­на­лар негіз бо­лып та­бы­ла­ды:
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 8 жел­тоқ­сан­да­ғы № 1-1/1069 (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 12677 тір­кел­ген) бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тив­те­рі­нің тек­се­ру одақ­та­ры­ның ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­опе­ра­тив­те­рі­нің іш­кі ауди­тін жүр­гізу­ге ар­нал­ған шы­ғын­да­рын суб­си­ди­я­лау қа­ғи­да­ла­рын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
10.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры пор­тал­да көр­се­ті­л­ген. Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777.

3 Субсидияларды аудару туралы хабарлама

Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Субсидияларды аудару туралы хабарлама
Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтініміңіз бойынша «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік қызметі көрсетілгенін және Сіздің №__________ есептік шотыңызға 20___ жылғы «__» __________ төлем шотымен _________ теңге мөлшерінде субсидия сомасы аударылғанын хабарлаймыз.

4 Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту

Ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің тексеру
одақтарының ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін
жүргізуге арналған шығындарын
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту
Сіздің 20___ жылғы «__» _________ №__________ өтініміңіз бойынша «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау» мемлекеттік қызметін көрсетуден _______________________ __________________________________________ себепті бас тартылды.

Қолданыстағы