О внесении изменения в постановление акимата города Талдыкорган от 8 мая 2015 года № 11-400 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Талдыкорган от 8 мая 2015 года № 11-400 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган"
- Атауы (қаз.)
- Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 11-400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-80
- Қабылданған күні
- 05.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 27.06.2016 100246_Some(103164).kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16DA003752
- ЭКБ идентификаторы
- 100246
- Редакция идентификаторы
- 100246_Some(103164)
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:38
0 Талдықорған қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 8 мамырдағы
«Талдықорған қаласының
тұрғын үй инспекциясы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін
бекіту туралы» № 11-400 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 4-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 18-тармағына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 10 маусымдағы № 3219 тіркелген, «Талдықорған» газетінде 2015 жылдың 26 маусымында № 28 жарияланған) № 11-400 қаулысымен бекітілген «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген Ереженің 17-тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
«3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізуге».
2 2. «Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының ресми жариялануын әділет
органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы «Талдықорған» газетінде жариялануын жүзеге асырсын.