Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 8 сентября 2015 года № 228 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния»

Қаулы · № 280 · қабылданған 02.09.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2015-no-228-ekb-106505/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 8 сентября 2015 года № 228 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния» Күшін жойған Қаулы ·№ 280 ·02.09.2016
11.03.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.03.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 8 сентября 2015 года № 228 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния»

Күшін жойған Қаулы ·№ 280 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 8 сентября 2015 года № 228 «Об утверждении регламентов государственных услуг по вопросам регистрации актов гражданского состояния»
Атауы (қаз.)
«Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
280
Қабылданған күні
02.09.2016
Көрсетілген редакция
11.03.2020 106505_449199.kaz
Соңғы өзгеріс
11.03.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16V0004673
ЭКБ идентификаторы
106505
Редакция идентификаторы
106505_449199
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:53

0 «Азаматтық хал актілерін тіркеу

мәселелері бойынша мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенттерін
бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 228 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабына, «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 16 маусымдағы № 450 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 13856) бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 228 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4174 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 139 (17228), 2015 жылғы 5 желтоқсандағы № 140 (17229) «Дидар», 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 143 (19742), 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 144 (19743) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
6-тармақтың екінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
бала тууды бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.»;
12-тармақтың бесінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
құжаттар топтамасын Мемлекеттік корпорацияға тапсырған кезден бастап – 2 (екі) жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
бала тууды бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде көрсетіледі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш - күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.».

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы