Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года № 277 «Об утверждении Правил использования мощностей магистральных трубопроводов и железнодорожных эстакад в случае наличия свободной пропускной мощности»

Бұйрық · № 526 · қабылданған 12.12.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2015-no-277/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года № 277 «Об утверждении Правил использования мощностей магистральных трубопроводов и железнодорожных эстакад в случае наличия свободной пропускной мощности» Күшін жойған Бұйрық ·№ 526 ·12.12.2016
29.06.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года № 277 «Об утверждении Правил использования мощностей магистральных трубопроводов и железнодорожных эстакад в случае наличия свободной пропускной мощности»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 526 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 апреля 2015 года № 277 «Об утверждении Правил использования мощностей магистральных трубопроводов и железнодорожных эстакад в случае наличия свободной пропускной мощности»
Атауы (қаз.)
Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 277 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
526
Қабылданған күні
12.12.2016
Көрсетілген редакция
29.06.2018 109363_333454.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014712
ЭКБ идентификаторы
109363
Редакция идентификаторы
109363_333454
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:57

0 Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 277 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11213 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйсінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еркін өткізу қуаты болған жағдайда магистральдық құбырлар мен теміржол эстакадалары қуаттарын пайдалану қағидаларында:
2-тармақтың 1) мен 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) жүк жөнелтуші - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығына арналған лицензияларға немесе келісімшарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында мұнайды өндіруді жүзеге асыратын тұлға немесе оны заңды негіздердесатып алған тұлға мұнайды магистральдық құбырлар бойынша тасымалдау және/немесе теміржол эстакадаларында мұнайды ағызу/құю жөніндегі, табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтерін пайдалануға ниеттенген, олар уәкілеттік берген тұлға;
2) мұнай тасымалдаушы ұйым - табиғи монополиялар саласында мұнайды магистральдық құбырлар бойынша тасымалдау және/немесе теміржол эстакадаларында мұнайды ағызу/құю жөніндегі қызметтерді көрсететін магистральдық құбырдың және/немесе теміржол эстакадасының меншік иесі;».

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазқстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
_____________ Ж. Қасымбек
2016 жылғы «___» __________

Қолданыстағы