Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 8 июня 2015 года № 28 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок»

Қаулы · № 691 · қабылданған 23.01.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2015-no-28-ekb-109737/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 8 июня 2015 года № 28 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок» Күшін жойған Қаулы ·№ 691 ·23.01.2017
26.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 8 июня 2015 года № 28 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок»

Күшін жойған Қаулы ·№ 691 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 8 июня 2015 года № 28 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача архивных справок»
Атауы (қаз.)
«Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 28 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
691
Қабылданған күні
23.01.2017
Көрсетілген редакция
26.04.2018 109737_339059.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17L0005723
ЭКБ идентификаторы
109737
Редакция идентификаторы
109737_339059
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:23

0 «Мұрағат анықтамаларын беру»

мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін
бекіту туралы» Қызылорда
облысы әкімдігінің 2015 жылғы
8 маусымдағы № 28
қаулысына өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2015 жылғы

8 маусымдағы № 28 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5054 нөмірімен тіркелген, «Кызылординские вести» және «Сыр бойы» газеттерінде 2015 жылғы 21 шілдеде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіндегі:
1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Көрсетілетін қызметті берушiнің атауы: «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің облыстық, қалалық және аудандық мемлекеттік архивтері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).»;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – әлеуметтік-құқықтық сипаттағы келесі мәліметтерді: жұмыс өтілін, жалақы мөлшерін, жасын, отбасының құрамын, білімін, марапатталғанын, зейнетақы жарналары мен әлеуметтік төлемдердің аударылуын, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуін, жазатайым оқиғаны, емделуде немесе қоныс аударуда болуын, қуғын-сүргінге ұшырағанын, жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау, бас бостандығынан айыру жерлерінде болғанын, азаматтық хал актілері, құқық белгілеуші және сәйкестендіру құжаттары жөніндегі мәліметтерді растау туралы мұрағат анықтамасы немесе олардың болмауы туралы жауап және (немесе) мұрағаттық құжаттардан куәландырылған мұрағаттық көшірмелер мен үзінділер.»;
10-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) көрсетілетін қызметті алушы не оның өкілі Мемлекеттік корпорацияға стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады;
Мемлекеттік корпорация қызметкерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.».

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р.Р. Рүстемовке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы