Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Шардаринского района от 8 января 2015 года № 3 «О переименовании государственных учреждений аппаратов акима города Шардара, сельских округов Шардаринского района и утверждении их положений»

Қаулы · № 394 · қабылданған 29.09.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2015-no-3/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Шардаринского района от 8 января 2015 года № 3 «О переименовании государственных учреждений аппаратов акима города Шардара, сельских округов Шардаринского района и утверждении их положений» Күшін жойған Қаулы ·№ 394 ·29.09.2015
29.04.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Шардаринского района от 8 января 2015 года № 3 «О переименовании государственных учреждений аппаратов акима города Шардара, сельских округов Шардаринского района и утверждении их положений»

Күшін жойған Қаулы ·№ 394 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Шардаринского района от 8 января 2015 года № 3 «О переименовании государственных учреждений аппаратов акима города Шардара, сельских округов Шардаринского района и утверждении их положений»
Атауы (қаз.)
«Шардара ауданының Шардара қаласы, ауылдық округтер әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы» Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 3 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
394
Қабылданған күні
29.09.2015
Көрсетілген редакция
29.04.2016 94710_85893.kaz
Соңғы өзгеріс
29.04.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15UO003367
ЭКБ идентификаторы
94710
Редакция идентификаторы
94710_85893
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 13:13

0 «Шардара ауданының Шардара қаласы,

ауылдық округтер әкімі аппараттары
мемлекеттік мекемелерін қайта атау және
олардың ережелерін бекіту туралы»
Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
8 қаңтардағы №3 қаулысына толықтырулар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Шардара ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы №3 «Шардара ауданының Шардара қаласы, ауылдық округтер әкімі аппараттары мемлекеттік мекемелерін қайта атау және олардың ережелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2996 тіркелген, 2015 жылы 6 ақпандағы «Шартарап - Шарайна» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының 4 қосымшасына сәйкес бекітілген «Шардара ауданының Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі тарауы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Шардара ауданының Көксу ауылдық округі әкімі аппаратының «Айлин» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.».
көрсетілген қаулының 9 қосымшасына сәйкес бекітілген «Шардара ауданының Ақшенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі тарауы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Шардара ауданының Ақшенгелді ауылдық округі әкімі аппаратының «Қарлығаш» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.».
көрсетілген қаулының 10 қосымшасына сәйкес бекітілген «Шардара ауданының Достық ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
Мемлекеттік органның қарамағындағы ұйымдардың тізбесі тарауы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Шардара ауданының Достық ауылдық округі әкімі аппаратының «Әсел» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.».

2 2. «Шардара ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Т.Анашбековке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы