Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 июля 2015 года № 4-2/616 «Об утверждении Правил проведения экспертизы сортовых и посевных качеств семян, в том числе семян, предназначенных для посева отечественными сельскохозяйственными товаропроизводителями»

Бұйрық · № 232 · қабылданған 30.07.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2015-no-4-2616/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 июля 2015 года № 4-2/616 «Об утверждении Правил проведения экспертизы сортовых и посевных качеств семян, в том числе семян, предназначенных для посева отечественными сельскохозяйственными товаропроизводителями» Қолданыста Бұйрық ·№ 232 ·30.07.2025
30.07.2025 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.07.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 июля 2015 года № 4-2/616 «Об утверждении Правил проведения экспертизы сортовых и посевных качеств семян, в том числе семян, предназначенных для посева отечественными сельскохозяйственными товаропроизводителями»

Қолданыста Бұйрық ·№ 232 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 8 июля 2015 года № 4-2/616 «Об утверждении Правил проведения экспертизы сортовых и посевных качеств семян, в том числе семян, предназначенных для посева отечественными сельскохозяйственными товаропроизводителями»
Атауы (қаз.)
«Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
232
Қабылданған күні
30.07.2025
Қолданысқа енгізілген күні
15.08.2025
Көрсетілген редакция
30.07.2025 212917_776011.kaz
Соңғы өзгеріс
30.07.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036540
ЭКБ идентификаторы
212917
Редакция идентификаторы
212917_776011
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:59

0

«Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 4-2/616 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12065 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұқымдардың, оның iшiнде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерінің егуіне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушi) егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Тұқым сапасына сараптаманы «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен аккредиттелген тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханалар жүзеге асырады.»;
2-тарауда:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Тұқымдардың, оның iшiнде қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егуiне арналған тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргізу тәртібі»;
мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
«8-1. Тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі аккредиттелген зертхана тұқымның кондициялылығы туралы куәлікті және (немесе) өнгіштігі анықталған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде тұқымды талдау нәтижесін береді.»;
9-тармақ алып тасталсын;
11-тармақ алып тасталсын;
1-қосымшада:
оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұқымдардың, оның iшiнде
қазақстандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлердiң егуiне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
1-қосымша»;
2-қосымшада:
оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұқымдардың, оның iшiнде
қазақстандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлердiң егуiне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
2-қосымша»;
3-қосымшада:
оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұқымдардың, оның iшiнде
қазақстандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлердiң егуiне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
3-қосымша»;
4-қосымшада:
оң жақтағы жоғары бұрыш мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұқымдардың, оның iшiнде
қазақстандық ауыл шаруашылығы
тауарын өндiрушiлердiң егуiне
арналған тұқымдардың сұрыптық
және егiстiк сапасына сараптама
жүргізу қағидаларына
4-қосымша».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Егіншілік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы