О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 января 2015 года № 6 "Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, торговле, использованию и приобретению гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 января 2015 года № 6 "Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, торговле, использованию и приобретению гражданских пиротехнических веществ и изделий с их применением"
- Атауы (қаз.)
- "Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 530
- Қабылданған күні
- 19.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.05.2016 103935_97792.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600013849
- ЭКБ идентификаторы
- 103935
- Редакция идентификаторы
- 103935_97792
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:05
0
«Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10353 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Азаматтық пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сату, пайдалану және сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.»;
Жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша алынып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеудің қорытындысын алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
________________ Д. Абаев
2016 жылғы 31 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
________________Ә. Исекешев
2016 жылғы 30 мамыр
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 26 мамыр