Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 617 «Об утверждении Правил оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатом, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством»

Бұйрық · № 888 · қабылданған 17.10.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2015-no-617/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 617 «Об утверждении Правил оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатом, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством» Күшін жойған Бұйрық ·№ 888 ·17.10.2016
06.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 617 «Об утверждении Правил оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатом, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 888 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 8 декабря 2015 года № 617 «Об утверждении Правил оплаты юридической помощи, оказываемой адвокатом, и возмещения расходов, связанных с защитой и представительством»
Атауы (қаз.)
«Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
888
Қабылданған күні
17.10.2016
Көрсетілген редакция
06.01.2020 109104_440141.kaz
Соңғы өзгеріс
06.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1600014633
ЭКБ идентификаторы
109104
Редакция идентификаторы
109104_440141
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:31

0 «Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 617 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 112-бабына, «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының  3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 617 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12434 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 желтоқсанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген адвокат көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидаларында:
4 тармақта:
3) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қылмыстық процесті жүргізетін органдардың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар мен органдардың (лауазымды адамдардың) заң көмегіне мұқтаж адамдарды оған ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы қаулылары, оларда:»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) азаматтық істер бойынша судьялардың немесе соттардың заң көмегіне мұқтаж адамдарды ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату және төлеуге жататын сомаларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу туралы ұйғарымдары, оларда:
соттың атауы, ұйғарым немесе қаулы шығарған судьяның тегі, аты-жөні;
істің атауы, қарау орны және күні;
заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау немесе өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде);
заң көмегіне ақы төлеуден және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босату уәждері;
қорғаушы немесе өкіл ретінде іске қатысқан адвокаттың тегі және аты-жөні, оның өкілеттілігін растайтын ордердің нөмірі мен берілген күні;
адвокат қатысқан процестік әрекеттерді жүргізу күні, оның басталуы мен аяқталуы уақыты;
адвокаттың іс материалдарымен танысуы ұзақтығы;
адвокат қатысқан сот отырыстарының күні және ұзақтығы;
сот отырысының басталуын немесе сот отырысының ол кейінге қалдырылған жағдайда жалғасуын күту уақытының ұзақтығы (мұндай фактілер болған кезде);
адвокаттың іс бойынша арыздарды, өтінішхаттарды, жеке, аппеляциялық, кассациялық және өзге де шағымдарды және сот отырысының хаттамасына ескертулерді жасауы уақытының ұзақтығы (егер осындай құжаттар жасалса);
адвокаттың заң көмегін көрсету үшін басқа жерге шығуына байланысты іссапардың жұмыс күндерінің саны;
адвокат мүшесі болып табылатын тиісті Адвокаттар алқасының толық атауы мен банк деректемелері көрсетіледі.»;
5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Заңға сәйкес осы Қағидалардың 2-тармағының 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетілген жағдайларда адвокаттың қорғау мен өкілдік етуге байланысты іссапар шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуі тиіс.».

2 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

3

3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтүзбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
___________ Ж. Асанов
«___»_________ 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының төрағасы
___________ К. Мәми
«___»_________ 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________ Б. Сұлтанов
«___»_________ 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің төрағасы
___________ Қ. Қожамжаров
«___»_________ 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік
комитетінің төрағасы
___________ К. Мәсімов
«___»_________ 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
___________ К. Қасымов
«___»_________ 2016 жыл

Қолданыстағы