Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Созакского района от 8 января 2015 года №33 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Созакского района»

Қаулы · № 125 · қабылданған 15.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 23.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2015-no33/on/2026-08-23/
Басып шығарылды 2026-08-23 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Созакского района от 8 января 2015 года №33 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Созакского района» Күшін жойған Қаулы ·№ 125 ·15.03.2016
26.05.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
23.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Созакского района от 8 января 2015 года №33 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Созакского района»

Күшін жойған Қаулы ·№ 125 · 23.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Созакского района от 8 января 2015 года №33 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Созакского района»
Атауы (қаз.)
«Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы №33 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
125
Қабылданған күні
15.03.2016
Көрсетілген редакция
26.05.2016 101007_87684.kaz
Соңғы өзгеріс
26.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16UL003671
ЭКБ идентификаторы
101007
Редакция идентификаторы
101007_87684
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:03

0 «Созақ ауданы әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы» Созақ
ауданы әкімдігінің 2015 жылғы
8 қаңтардағы №33 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы Жарлығына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Созақ ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы №33 «Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3003 тіркелген, 2015 жылғы 29 сәуірдегі «Созақ үні» газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасына сәйкес бекітілген «Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16 тармақ мынадай мазмұндағы 49-1), 49-2), 49-3) тармақшаларымен толықтырылсын:
«49-1) жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру бойынша ұйымдастыру жұмысын жүргізеді және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді әзірлейді;
49-2) аудан әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық бюджетінің жобасын талқылауды жүргізеді;
49-3) аудан әкімдігі «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын қоғамдық кеңестің отырысында аудандық бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті талқылауды жүргізеді.».

2 2. «Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Созақ ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

2 2) осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразовқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы