О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 8 апреля 2016 года № 17 «О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Актобе»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата города Актобе от 8 апреля 2016 года № 17 «О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Актобе»
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қалалық маслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 «Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 485
- Қабылданған күні
- 22.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 12.08.2020 136403_688042.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19CA006495
- ЭКБ идентификаторы
- 136403
- Редакция идентификаторы
- 136403_688042
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:44
0 Ақтөбе қалалық маслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17
«Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы»
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Заңының 10-бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 17 «Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4869 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасында:
2-тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«2) Қалалық мәдениет Үйінің ғимараты алдындағы алаң (Жеңіс даңғылы, 31);»;
2-тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«3) «Геолог» мәдениет Үйінің ғимараты алдындағы алаң (Қарғалы тұрғын алабы, Матросов көшесі, 30 А);»;
2-тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«5) «Өнер орталығы» ғимараты алдындағы алаң (Әбілқайыр хан даңғылы, 90 Б);».