Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Алматы от 8 апреля 2016 года № 2/122 «Об ограничении въезда транспортных средств на отдельных территориях города Алматы»

Қаулы · № 1/167 · қабылданған 06.03.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2016-no-2122/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Алматы от 8 апреля 2016 года № 2/122 «Об ограничении въезда транспортных средств на отдельных территориях города Алматы» Қолданыста Қаулы ·№ 1/167 ·06.03.2023
06.03.2023 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Алматы от 8 апреля 2016 года № 2/122 «Об ограничении въезда транспортных средств на отдельных территориях города Алматы»

Қолданыста Қаулы ·№ 1/167 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в постановление акимата города Алматы от 8 апреля 2016 года № 2/122 «Об ограничении въезда транспортных средств на отдельных территориях города Алматы»
Атауы (қаз.)
Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1/167
Қабылданған күні
06.03.2023
Көрсетілген редакция
06.03.2023 179027_825922.kaz
Соңғы өзгеріс
06.03.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V23R0001721
ЭКБ идентификаторы
179027
Редакция идентификаторы
179027_825922
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 20:16

0 Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 Ескертпе!

ҚР Конституциялық Соты 1-тармағының конституциялылығын тексеру жөнінде іс жүргізу бастады.
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының жекелеген аумақтарына көлік құралдарының кіруін шектеу туралы» 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 2/122 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1278 болып тіркелген) келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулының 1 тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Электр қозғалтқышындағы көлік құралдарынан (электромобильдерден), сондай-ақ коммуналдық, жедел және шұғыл қызметтердің арнайы техникасы мен көлік құралдарынан басқа, «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына көлік құралдарының кіруін шектеу.»;
келесі мазмұндағы 1-1 тармақпен толықтырылсын:
«1-1. 2023 жылғы 1 қыркүйекке дейін осы аумақта қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғаларға тиесілі және (немесе) қызмет көрсететін көлік құралдары «Шымбұлақ» шатқалының ерекше қорғалатын табиғи аймағына кіруге шектелуге жатпайды.».

2 2. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы, «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі және Алматы қаласы Полиция департаменті (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3 3. Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулыны Алматы қаласының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә.Е. Әбдіқадыровқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы