О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 июля 2016 года № 306 «Об утверждении Формы заполнения кадастровых дел по объектам размещения отходов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 8 июля 2016 года № 306 «Об утверждении Формы заполнения кадастровых дел по объектам размещения отходов»
- Атауы (қаз.)
- «Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 209
- Қабылданған күні
- 06.06.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.10.2021 132420_543812.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.10.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900018815
- ЭКБ идентификаторы
- 132420
- Редакция идентификаторы
- 132420_543812
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:37
0 «Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 306 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14105 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанында:
Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерде:
реттік нөмірлері 1- және 2-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
«
1.
облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергiлiктi атқарушы органының қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесiн бөлу туралы шешiмi
Шешiмнің көшірмесі (қоса беріледі)
2.
жер учаскесi орналасқан жер бойынша өздерiнiң құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi растаған жер учаскесiнiң шекараларын белгiлеу және жер учаскесiне құқық белгiлейтiн құжаттардың берiлгенi туралы анықтама
Анықтаманың көшірмесі (қоса беріледі)
».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі