Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 июля 2016 года № 42/139 «Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан и его описания»

Қаулы · № 7/155 · қабылданған 18.03.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2016-no-42139/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 июля 2016 года № 42/139 «Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан и его описания» Күшін жойған 24.06.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 июля 2016 года № 42/139 «Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан и его описания»

Күшін жойған Қаулы № 7/155 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 8 июля 2016 года № 42/139 «Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан и его описания»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 42/139 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7/155
Қабылданған күні
18.03.2017
Көрсетілген редакция
24.06.2026 111816_831573.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700015059
ЭКБ идентификаторы
111816
Редакция идентификаторы
111816_831573
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:41
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2016 жылғы
8 шілдедегі № 42/139 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы»
2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы
4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының

2016 жылғы 8 шілдедегі № 42/139 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14073 тіркелген, «Әділет» Ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген 1-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларында:
4-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қызметтік куәлік:
1) Ортсайлауком Төрағасының қолымен – Ортсайлауком аппараты құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына;
2) аппарат басшысының қолымен – Ортсайлауком аппаратының қызметкерлеріне олар лауазымға тағайындалған, лауазымы ауысқан, бұған дейін берілген куәлік бүлінген, жоғалған, қолданыс мерзімі өткен кезде беріледі.
аталған қаулымен бекітілген 2-қосымшада:
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қызметтік куәлігінің сипаттамасында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сол жағында: көлемі 3х4 см фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), төмен қарай қызметтік куәліктің нөмірі, аты, әкесінің аты (болса), тегі, атқаратын лауазымы, құрылымдық бөлімшенің атауы көрсетіледі. Мәтін мемлекеттік тілде басылады, тиісінше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының немесе аппарат басшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталады.».

2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі:

1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы қаулының мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және қосу үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.