Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Тупкараганского районного маслихата от 8 июля 2016 года № 4/30 «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Тупкараганскому району»

Өзге акт · № 7/55 · қабылданған 29.11.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2016-no-430-ekb-108604/on/2026-09-14/
Басып шығарылды 2026-09-14 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Тупкараганского районного маслихата от 8 июля 2016 года № 4/30 «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Тупкараганскому району» Күшін жойған Өзге акт ·№ 7/55 ·29.11.2016
04.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Тупкараганского районного маслихата от 8 июля 2016 года № 4/30 «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Тупкараганскому району»

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7/55 · 14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Тупкараганского районного маслихата от 8 июля 2016 года № 4/30 «Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Тупкараганскому району»
Атауы (қаз.)
Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 4/30 «Түпқараған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7/55
Қабылданған күні
29.11.2016
Көрсетілген редакция
04.11.2021 108604_544565.kaz
Соңғы өзгеріс
04.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16MF003222
ЭКБ идентификаторы
108604
Редакция идентификаторы
108604_544565
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 07:08

0 Түпқараған аудандық мәслихатының

2016 жылғы 8 шілдедегі № 4/30
«Түпқараған ауданы бойынша
коммуналдық қалдықтардың
түзілу және жинақталу нормаларын
бекіту туралы» шешіміне өзгеріс
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 50 бабының 2 тармағына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Түпқараған аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 шілдедегі № 4/30 «Түпқараған ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3127 болып тіркелген, 2016 жылғы 19 тамызда «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 10030 болып тіркелген) сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

2. «Түпқараған аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А.Ізбен) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Қ.Озғамбаев) жүктелсін.

4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Түпқараған аудандық тұрғын үй - коммуналдық
шаруашылығы, жолаушылар көлігі және
автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Ж.Қайнарбаев
29 қараша 2016 жыл

Қолданыстағы