О внесении изменений в решение Кармакшинского районного маслихата от 8 ноября 2016 года № 47 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Кармакшинского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Кармакшинского районного маслихата от 8 ноября 2016 года № 47 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Кармакшинского района»
- Атауы (қаз.)
- «Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қарашадағы № 47 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 300
- Қабылданған күні
- 17.06.2025
- Көрсетілген редакция
- 17.06.2025 212228_765160.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.06.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G25LE00300M
- ЭКБ идентификаторы
- 212228
- Редакция идентификаторы
- 212228_765160
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 03:52
0 «Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қарашадағы № 47 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қармақшы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 8 қарашадағы № 47 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5670 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қармақшы ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінің 9, 10-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныстар әзірленуі үшін наградтау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.
Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкімін шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.»;
«10. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихат төрағасы немесе олардың тапсырысы бойыша өзге тұлға тапсырады.».