Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 8 декабря 2016 года № 78 «Об утверждении Правил государственного контроля за качеством оказания государственных услуг»

Бұйрық · № 264 · қабылданған 28.11.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2016-no-78-ekb-126501/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 8 декабря 2016 года № 78 «Об утверждении Правил государственного контроля за качеством оказания государственных услуг» Қолданыста Бұйрық ·№ 264 ·28.11.2018
28.11.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 8 декабря 2016 года № 78 «Об утверждении Правил государственного контроля за качеством оказания государственных услуг»

Қолданыста Бұйрық ·№ 264 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 8 декабря 2016 года № 78 «Об утверждении Правил государственного контроля за качеством оказания государственных услуг»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
264
Қабылданған күні
28.11.2018
Көрсетілген редакция
28.11.2018 126501_375123.kaz
Соңғы өзгеріс
28.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017827
ЭКБ идентификаторы
126501
Редакция идентификаторы
126501_375123
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:24

0 «Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік

бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1.«Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының

2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14740 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 6 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларында:
61 және 62-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«61. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалық анықтаманы қоса отырып, ішкі мемлекеттік бақылау бойынша жұмыс туралы есепті:
орталық мемлекеттік органдар - Агенттікке;
орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының аумақтық бөлімшелері - Агенттіктің аумақты органдарына «Е-қызмет» персоналды басқарудың ықпалдасқан ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.
Есеп орталық мемлекеттік орган, оның ведомстволары, ведомстволық бағынысты ұйымдары, сондай-ақ қызметін үйлестіруді мемлекекттік орган жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі мемлекеттік бақылаудың қорытындысын қамтиды.
62. Жергілікті атқарушы органдар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалық анықтаманы қоса отырып, ішкі мемлекеттік бақылау бойынша жұмыс туралы есепті Агенттікке және оның аумақтық органдарына «Е-қызмет» персоналды басқарудың ықпалдасқан ақпараттық жүйесі арқылы ұсынады.
Есеп облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, сондай-ақ қызметін үйлестіруді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар көрсететін мемлекеттік қызметтер сапасын ішкі мемлекеттік бақылаудың қорытындысын қамтиды.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша есепті бекітілген нысан бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-інші күнінен кешіктірмей береді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызметтер көрсету департаменті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын бақылау және бағалау мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
______________________ Д. Абаев
2018 жылғы «___»___________
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_________________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы «___»______________

Қолданыстағы