«О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 8 августа 2017 года № 05-16/148 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 8 августа 2017 года № 05-16/148 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 тамыздағы № 05-16/148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 256
- Қабылданған күні
- 14.09.2018
- Көрсетілген редакция
- 02.10.2020 125165_695037.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.10.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18LG006454
- ЭКБ идентификаторы
- 125165
- Редакция идентификаторы
- 125165_695037
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 23:13
0 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы
8 тамыздағы № 05-16/148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 тамыздағы № 05-16/148 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6045 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«9) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Жаңақорған аудандық бөлімі (бұдан әрі- Бөлім)»;
8-тармақтың 3 абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«колледж және жалпы білім беретін мектептен кейін «Бакалавр» академиялық дәрежесін алу үшін – жылына бір рет, 392 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;»;
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Әлеуметтік көмекті тағайындағаннан кейін уәкілетті орган мен әлеуметтік көмек алушы арасында екі жақты келісім шарт жасалады.».
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
«Қызылорда облысының жұмыспен
қамтудыүйлестіружәне әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
____________________ Т.Дүйсебаев
14 қыркүйек 2018 жыл.