О внесении изменений в решение Аральского районного маслихата от 8 ноября 2017 года № 111 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Аральского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Аральского районного маслихата от 8 ноября 2017 года № 111 «Об утверждении положения о награждении Почетной грамотой Аральского района»
- Атауы (қаз.)
- «Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы № 111 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 245
- Қабылданған күні
- 11.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 11.07.2024 199056_711944.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V24LC853211
- ЭКБ идентификаторы
- 199056
- Редакция идентификаторы
- 199056_711944
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:36
0 «Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы №111 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. «Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 қарашадағы №111 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6042 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Арал ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінің 9, 10 - тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
«9. Құрмет грамотасымен наградтау бойынша келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және наградтау жөнінде ұсыныс әзірленуі үшін наградтау жөніндегі аудан әкімі жанындағы комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) жіберіледі.
Комиссияның оң қорытындысына сәйкес аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының (немесе олардың міндеттерін атқарушының) бірлескен өкім шығару арқылы Құрмет грамотасымен наградтау туралы шешім қабылданады.»;
«10. Құрмет грамотасын тапсыру салтанатты түрде жүргізіледі. Құрмет грамотасын аудан әкімі немесе аудандық мәслихаттың төрағасы немесе олардың тапсырысы бойынша өзге тұлға тапсырады.».