О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 8 июня 2017 года № 28 «Об утверждении Правил отбывания военнослужащими административного ареста на гауптвахте органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 8 июня 2017 года № 28 «Об утверждении Правил отбывания военнослужащими административного ареста на гауптвахте органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 25/қе
- Қабылданған күні
- 16.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2023 181569_632923.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032522
- ЭКБ идентификаторы
- 181569
- Редакция идентификаторы
- 181569_632923
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 18:59
0 «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 28 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 8 маусымдағы № 28 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15333 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула келесі редакцияда жазылсын:
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-7-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының «Әскери полиция органдары туралы» Заңының 9-бабы 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілерді қамауды өтеу қағидаларында:
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахтасында әскери қызметшілерінің әкімшілік қамауды өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 46-7-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасының «Әскери полиция органдары туралы» Заңының 9-бабы 2-тармағы 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының (бұдан әрі - ӘПО) гауптвахтасында әскери қызметшілердің әкімшілік қамауды өтеу тәртібін белгілейді.»;
5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Гауптвахта қызметкерлерінің дене күші мен арнайы құралдарды қолдануы «Әскери полиция органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес жүзеге асырылады.»;