О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 8 августа 2017 года № 431 «Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации в размере стоимости общевойскового пайка при отсутствии возможности обеспечения питанием по установленным нормам основных продовольственных пайков военнослужащим по контракту Вооруженных Сил Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 8 августа 2017 года № 431 «Об утверждении Правил выплаты денежной компенсации в размере стоимости общевойскового пайка при отсутствии возможности обеспечения питанием по установленным нормам основных продовольственных пайков военнослужащим по контракту Вооруженных Сил Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 431 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 637
- Қабылданған күні
- 17.11.2020
- Көрсетілген редакция
- 17.11.2020 148682_493199.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021658
- ЭКБ идентификаторы
- 148682
- Редакция идентификаторы
- 148682_493199
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 11:42
0
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 431 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы8 тамыздағы № 431 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15631 болып тіркелген, 2017 жылғы 18 қыркүйекте электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін негізгі азық-түлік үлестерінің белгіленген нормалары бойынша тамақтандыруды қамтамасыз етуге мүмкін болмаған кезде жалпы әскери үлес құны мөлшерінде ақшалай өтемақы төлеу қағидаларында:
2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери жүкті күзету және алып жүру бойынша әскери эшелон, қарауыл құрамында қабылдау орнына дейін және кері қарай жол жүрген жағдайларды қоспағанда, келісімшарт бойынша әскери қызметші қызметтік іссапарда болған жағдайда үлес орнына ақшалай өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Ақшалай өтемақы төлеу үшін келісімшарт бойынша әскери қызметші (ол болмаған жағдайда – тиісті бөлімше командирі) есепті айдан кейінгі айдың 1-нен бастар 5-іне дейінгі күндері мемлекеттік мекеменің басшысы атына заңнамада оған мемлекет есебінен тамақтандырумен қамтамасыз ету тиесілілік көзделген жағдайларда келісімшарт бойынша әскери қызметшінің әскери қызмет міндеттерін орындауын растайтын баянатты береді.».