Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2017 года № 554 «Об утверждении Правил предоставления трансфертов фонду социального медицинского страхования»

Қаулы · № 380 · қабылданған 22.06.2020
Заңдық күші: Күшін жойған · 08.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2017-no-554/on/2026-09-08/
Басып шығарылды 2026-09-08 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2017 года № 554 «Об утверждении Правил предоставления трансфертов фонду социального медицинского страхования» Күшін жойған Қаулы ·№ 380 ·22.06.2020
02.03.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
08.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.03.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2017 года № 554 «Об утверждении Правил предоставления трансфертов фонду социального медицинского страхования»

Күшін жойған Қаулы ·№ 380 · 08.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 2017 года № 554 «Об утверждении Правил предоставления трансфертов фонду социального медицинского страхования»
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
380
Қабылданған күні
22.06.2020
Көрсетілген редакция
02.03.2024 143995_686259.kaz
Соңғы өзгеріс
02.03.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2000000380
ЭКБ идентификаторы
143995
Редакция идентификаторы
143995_686259
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 13:58

0 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 554 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 44, 278-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына трансферттерді беру қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Уәкілетті органның трансферттерді аударуы:
1) ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде (желтоқсан айында 20-күніне дейін) қазынашылықтағы қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына ай сайын жүзеге асырылады;
2) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге арналған қордың шығындарын өтеуге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қордың өтініміне (бұдан әрі – өтінім) сәйкес есепті айдан кейінгі айдың 30-күнінен кешіктірмей Қордың банк шотына ай сайын төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде жүзеге асырылады.
Өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелері деректерінің негізінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсеткені үшін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеуге қордың шығындарын өтеуге арналған жиынтық тізілімге сәйкес есепті айдан кейінгі айдың 25-күніне дейін қалыптастырылады.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ақша қаражатын аудару ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылады.
ТМККК шеңберінде көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге арналған трансферттер бойынша пайдаланылмаған қалдық сомасын айдың соңына қарай қор одан кейінгі айдың сомасына енгізуге тиіс.
Өткен қаржы жылында бөлінген ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге арналған трансферттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары қор алдыңғы жылдың міндеттемелерін өтегеннен кейін, бірақ ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей республикалық бюджеттің кірісіне қайтарылуға жатады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Заңның 26-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 6-1), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13) және 15) тармақшаларында көрсетілген, жарналарды төлеуден босатылған адамдар үшін мемлекеттің МӘМС-ке жарналары түріндегі ақшалай қаражатты аудару уәкілетті орган айқындайтын Аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.»;
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

1 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына
трансферттерді беру
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
теңге
Ме­ке­ме
226
Бағ­дар­ла­ма
066
Кі­ші бағ­дар­ла­ма 104
Ерекше­лі­гі
351
Тө­лем тү­рі
Со­ма­сы
Әс­ке­ри қыз­мет­ші­лер­ге, ар­на­у­лы мем­ле­кет­тік және құқық қор­ғау ор­ган­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­ріне МӘМС жүй­е­сін­де ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­ту бой­ын­ша ден­са­улық сақ­тау субъ­ек­ті­ле­рі­нің қыз­мет­те­ріне ақы тө­ле­у­ге ар­нал­ған әле­умет­тік ме­ди­ци­на­лық сақ­тан­ды­ру қо­ры­на транс­ферт­тер
Басқарма төрағасы ___________________________ ______________
(не оны алмастыратын тұлға) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Бас бухгалтер ___________________________ ______________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
М.О.
20_____ «_____» ____________
Орындаушының тегі және телефон нөмірі _______________________

2 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
2020 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Әлеуметтік медициналық
сақтандыру қорына
трансферттерді беру
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
мың теңге
Об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың және аста­на­ның ата­у­ла­ры
Ақы тө­ле­у­ге бар­лы­ғы
Кон­суль­та­ци­я­лық-ди­а­гно­сти­ка­лық кө­мек
Ста­ци­о­нар­ды ал­ма­сты­ра­тын кө­мек
Ста­ци­о­нар­лық ме­ди­ци­на­лық кө­мек
Ам­бу­ла­то­ри­я­лық дең­гей­де дә­рі­лік қам­та­ма­сыз ету
Со­ма­сы
Көр­се­ті­л­ген қыз­мет са­ны
Со­ма­сы
Ем­дел­ген на­у­қа­стар са­ны
Со­ма­сы
Ем­дел­ген на­у­қа­стар са­ны
Со­ма­сы
Са­ны
Со­ма­сы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бой­ын­ша жиы­ны
Ақ­мо­ла
Ақ­тө­бе
Ал­ма­ты
Аты­рау
Шы­ғыс Қа­зақ­стан
Жам­был
Ба­тыс Қа­зақ­стан
Қа­ра­ған­ды
Қо­ста­най
Қы­зы­лор­да
Маң­ғы­стау
Пав­ло­дар
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан
Түр­кі­стан
Ал­ма­ты қа­ла­сы
Нұр-Сұл­тан қа­ла­сы
Шым­кент қа­ла­сы
Басқарма төрағасы _________________________________________ ________________
(немесе оны алмастыратын адам) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Бас бухгалтер _________________________________________ ________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы
Мөрдің орны
20____ «_______» ___________
Орындаушының тегі және телефоны _______________________ ______________________

Қолданыстағы