Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата от 8 декабря 2017 года № 626 «Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений и норм субсидий на 1 тонну (килограмм, литр) удобрений, приобретенных у продавца удобрений на 2018 год»

Қаулы · № 410 · қабылданған 14.09.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2017-no-626-1-2018/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата от 8 декабря 2017 года № 626 «Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений и норм субсидий на 1 тонну (килограмм, литр) удобрений, приобретенных у продавца удобрений на 2018 год» Қолданыста Қаулы ·№ 410 ·14.09.2018
14.09.2018 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата от 8 декабря 2017 года № 626 «Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений и норм субсидий на 1 тонну (килограмм, литр) удобрений, приобретенных у продавца удобрений на 2018 год»

Қолданыста Қаулы ·№ 410 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата от 8 декабря 2017 года № 626 «Об утверждении перечня субсидируемых видов удобрений и норм субсидий на 1 тонну (килограмм, литр) удобрений, приобретенных у продавца удобрений на 2018 год»
Атауы (қаз.)
Әкімдіктің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 626 «2018 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
410
Қабылданған күні
14.09.2018
Көрсетілген редакция
14.09.2018 124648_352022.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V18N0008041
ЭКБ идентификаторы
124648
Редакция идентификаторы
124648_352022
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 23:13

0

Әкімдіктің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 626 «2018 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 4-4/305 «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11223 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 626 «2018 жылға арналған субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесін және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормаларын бекіту туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7431 болып тіркелген, 2018 жылғы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2018 жылға субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (килограмына, литріне) арналған субсидиялардың нормалары:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7-2, 7-3, 7-4, жолдармен толықтырылсын:
«
7-2
10:26:26 маркалы азот-фосфор-калийлі тыңайтқыш
N-10, P2O5-26, K2O-26, S-1,7
тонна
59 000
7-3
NPK-тыңайтқыш
N-15, P2O5-15, K2O-15
тонна
59 000
Кешенді минералды азот-фосфор-калийлі тыңайтқыш (NPK-тыңайтқыш)
N-15, P2O5-15, K2O-15
7-4
КАС+ сұйық тыңайтқышы
N-28-34, K2O-0,052, SO3-0,046, Fe-0,04 (EDTA)
тонна
42 500
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37 – жолдармен толықтырылсын:
«
25
Kristalon Yellow 13-40-13 минералды тыңайтқыш
N-13, NH4-8,6, NO3- 4,4, P2O5-40, K2O-13, SO3-27.5, B-0,025, Cu-0,01, Fe-0,07, Mn-0,04, Zn-0,025, Mo-0,004
тонна
350 000
26
Изагри-М, Бор маркасы минералды тыңайтқышы
B-12,32, Mo-1, өткіш агенті – 17
литр
825
27
Изагри-К, Мыс маркасы минералды тыңайтқышы
Cu-11,14, N-10,79, S-8,96, аминоқышқылдар, биобелсенді L-нысанда-11, өткіш агенті-1
литр
870
28
Изагри-К, Калий маркасы минералды тыңайтқышы
K2O-15,2, P2O5-6,6, N-6,6, NO3-2,5, SO3-4,6, Mn-0,33, Cu-0,12, Zn-0,07, Fe-0,07, Mo-0,07, B-0,01, Se-0,003, Co-0,001, жұғатын заттардың кешені-1
литр
525
29
Изагри-К, Вита маркасы минералды тыңайтқышы
Zn-2,51, Cu-1,92, Mn-0,37, Mo-0,22, B-0,16, Fe-0,40, Co-0,11, Ni-0,006, N-3,20, K2O- 0,06, SO3-9,34, MgO-2,28, аминоқышқылдар L- белсенді түрде-15
литр
1 080
30
Концентрленген кальций нитраты
CaO-32, N-17
тонна
112 000
31
Калий селитрасы, СХ маркасы
N-13,7, K2O-46,2
тонна
242 000
32
6-сулы азотқышқылды магний (магнийлі селитра)
MgO-15,5, N-11,1
тонна
135 000
33
Грогрин микро Феррал 6 (Fe-EDDHA)
Fe-(EDDHA)-6
тонна
1 908 000
34
Yara Vita Rexolin ABC тыңайтқышы
MgO-9, B-0,5, Cu-1,5, Fe-4, Mn-4, Mo-0,1, Zn-1,5
килограмм
1 685,5
35
«Волски Моноформы» сұйық микротыңайтқышы «Волски Моно-Сера» маркалары
N-2, SO3-72, MgO-2,3
литр
993,5
36
«Волски Моноформы» сұйық микротыңайтқышы «Волски Моно-Бор» маркалары
B-10
литр
1 265
37
«Волски Микрокомплекс» сұйық кешенді минералды тыңайтқышы «Экомак» маркалары
Cu-0,97, Zn-0,98, B-0,35, Mn-0,58, Fe-0,35, Mo-0,09, N-2,4, P2O5-0,61, K2O-1,77, SO3-4,9, MgO-0,97, Co-0,18
литр
1 535
».

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3 3) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы