Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 8 августа 2017 года №05-16/148 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Ереже · № 344 · қабылданған 27.06.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2017-no05-16148-ekb-133170/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 8 августа 2017 года №05-16/148 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан» Күшін жойған Ереже ·№ 344 ·27.06.2019
02.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 8 августа 2017 года №05-16/148 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»

Күшін жойған Ереже ·№ 344 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Жанакорганского районного маслихата от 8 августа 2017 года №05-16/148 «Об утверждении правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан»
Атауы (қаз.)
«Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 тамыздағы №05-16/148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
344
Қабылданған күні
27.06.2019
Көрсетілген редакция
02.10.2020 133170_695039.kaz
Соңғы өзгеріс
02.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V19LG006841
ЭКБ идентификаторы
133170
Редакция идентификаторы
133170_695039
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:22

0 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және

мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының
2017 жылғы 8 тамыздағы №05-16/148 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Жаңақорған аудандық мәслихатының 2017 жылғы

8 тамыздағы №05-16/148 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5949 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 қыркүйекте жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және материалдық көмек ретінде біржолғы 120 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;»;
5-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацындағы «және материалдық көмек ретінде біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздер алынып тасталсын.

2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік
мекемесімен

Қолданыстағы