Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 146 «О некоторых вопросах налогового и таможенного администрирования»

Бұйрық · № 892 · қабылданған 08.10.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2018-no-146-ekb-125408/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 146 «О некоторых вопросах налогового и таможенного администрирования» Қолданыста Бұйрық ·№ 892 ·08.10.2018
08.10.2018 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.10.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 146 «О некоторых вопросах налогового и таможенного администрирования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 892 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 146 «О некоторых вопросах налогового и таможенного администрирования»
Атауы (қаз.)
«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
892
Қабылданған күні
08.10.2018
Көрсетілген редакция
08.10.2018 125408_364894.kaz
Соңғы өзгеріс
08.10.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800017607
ЭКБ идентификаторы
125408
Редакция идентификаторы
125408_364894
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 22:58

0 «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 13 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаның нысанында:

екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Салық берешегі өтелмеген жағдайда Сізге мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері мен салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың мынадай:
1) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес*:
тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін;
тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін банктік шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
2) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:
тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін;
тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткеннен кейін касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:
тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бір жұмыс күні өткеннен кейін;
тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап он бес жұмыс күні өткеннен кейін мүлікке билік етуін шектеу;
4) тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес:
тәуекелдің жоғары деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күні өткеннен кейін;
тәуекелдің орташа деңгейі санатына жатқызылған салық төлеушінің (салық агентінің) – салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама табыс етілген күннен бастап жиырма жұмыс күні өткеннен кейін салықтық берешек сомалары төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда, салықтық берешек сомаларын банктік шоттарындағы ақшадан өндіріп алу шаралары қолданылады.»;
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескерту:
* тәуекелдерді басқару жүйесінің нәтижесі бойынша салық төлеуші тәуекелдің қандай деңгейіне жатқызылғаны туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz ресми сайтында және «Салық төлеушінің кабинеті» web-қосымшасында қол жетімді.
** осы шара жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғамға - салық төлеушіге (салық агентіне) қатысты қолданылады.»;

2 2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның нысанында:

бірінші бөлікте:
кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«
р/с №
Бюд­жет­тік
сы­нып­та­ма ко­ды
Бюд­жет­тік
сы­нып­та­ма коды­ның ата­уы
Ке­ден­дік төлем­нің, са­лық­тың, ар­найы, дем­пинг­ке қар­сы, өте­ма­қы баж­дар­дың со­ма­сы
Өсім­пұл со­ма­сы
Про­цент со­ма­сы
Со­ма­сы­ның жиы­ны
1
2
3
4
5
6
7
Жиы­ны
»;

3 3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген дебиторлардың банктік шоттардағы ақшаға өндiрiп алуды қолдану туралы хабарламаның нысанында:

үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы хабарламада көрсетілген мерзімде өзара есеп айырысуларды салыстыру актісі берілмеген жағдайда
________________________________________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органының атауы)
Сізге тексеру жүргізеді. Мемлекеттік кірістер органы мен олардың лауазымды тұлғаларының талаптары орындалмаған жағдайда, Сізге «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әкімшілік жазаға тарту шаралары қолданылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы