Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 146 «О некоторых вопросах налогового и таможенного администрирования»

Бұйрық · № 1337 · қабылданған 06.12.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2018-no-146-ekb-137058/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 146 «О некоторых вопросах налогового и таможенного администрирования» Қолданыста Бұйрық ·№ 1337 ·06.12.2019
06.12.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 146 «О некоторых вопросах налогового и таможенного администрирования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 1337 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 146 «О некоторых вопросах налогового и таможенного администрирования»
Атауы (қаз.)
«Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1337
Қабылданған күні
06.12.2019
Көрсетілген редакция
06.12.2019 137058_432598.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900019731
ЭКБ идентификаторы
137058
Редакция идентификаторы
137058_432598
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 17:28

0 «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері

туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы
8 ақпандағы № 146 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы

8 ақпандағы № 146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы
13 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес салықтық берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаның нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органының салық төлеушінің (салық агентінің), төлеушінің кассасы бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтем баждардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есебіне билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі актісінің нысаны;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулының нысаны;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес дебиторлардың банктік шоттардағы ақшасына өндiрiп алуды қолдану туралы хабарламаның нысаны;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің (салық агентінің) салық берешегінің, төлеушінің кедендік төлемдер, салықтар, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар есебіне мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің күшін жою туралы шешімнің нысаны;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес салықтарды және (немесе) төлемақыларды төлеу бойынша салықтық міндеттемені орындау мерзімін өзгерту туралы шешімнің нысаны;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың салықтық берешегі туралы хабарламаның нысаны;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығының нысаны;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес камералдық кедендік тексеру актісінің нысаны;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарының тексерілетін тұлғаның объектісіне кіруін қамтамасыз етуден бас тарту туралы хаттаманың нысаны;
15) осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес құжаттарды не олардың көшірмесін алу актісінің нысаны;
16) осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға немесе бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымды қараудың қорытындылары туралы хабарламаның нысаны;
17) осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаның нысаны;
18) осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес нұсқаманың нысаны;
19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес нұсқамаға қосымша нұсқаманың нысаны;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес салықтық тексеруді жүргізу туралы хабарламаның нысаны;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес таратудың салықтық есептілігі ұсынылған күннен бастап таратудың салықтық тексеруі аяқталған күнге дейінгі кезеңде салықтардың, бюджетке төленетін төлемдердің және әлеуметтік төлемдердің есепке жазылған сомалары туралы хабарламаның нысаны;
22) осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарламаның нысаны;
23) осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;
24) осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебінен шығару туралы шешімнің нысаны;
25) осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес бюджеттен қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығы сомасының дұрыстығын растау бойынша салықтық тексеру актісіне қорытындының нысаны;
26) осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің салық органдарынан келіп түскен тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен мәліметтерді мемлекеттік кірістер органының алуы туралы хабарламаның нысаны;
27) осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес салық есептілігін кері қайтарып алуға мемлекеттік кірістер органдары шешімінің нысаны;
28) осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзарту туралы хабарламаның нысаны;
29) осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген мерзімде салықтық есептіліктің ұсынылмауы туралы хабарламаның нысаны;
30) осы бұйрыққа 30-қосымшаға сәйкес салық төлеушінің тұрған жерін (жоқтығын) растау туралы хабарламаның нысаны;
31) осы бұйрыққа 31-қосымшаға сәйкес салық талабының нысаны;
32) осы бұйрыққа 32-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешімнің нысаны;
33) осы бұйрыққа 33-қосымшаға сәйкес бақылауды тағайындау туралы шешімге қосымша шешімнің нысаны;
34) осы бұйрыққа 34-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы талап нысаны;
34-1) осы бұйрықтың 34-1-қосымшасына сәйкес салық заңнамасының бұзушылықтарын жою туралы хабарламаның нысаны;
35) осы бұйрыққа 35-қосымшаға сәйкес тексеру нәтижелері туралы хабарламаға салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау қорытындылары туралы хабарламаның нысаны;
36) осы бұйрыққа 36-қосымшаға сәйкес дара кәсіпкерлерге арналған арнайы салық режимін қолдануға патенттің нысаны;
37) осы бұйрыққа 37-қосымшаға сәйкес салық режимін қолдану туралы хабарламаның нысаны;
38) осы бұйрыққа 38-қосымшаға сәйкес мемлекеттік кірістер органы есептеген салықтар сомасы туралы хабарламаның нысаны;
39) осы бұйрыққа 39-қосымшаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган мәліметтері негізінде қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақының есептелген сомасы туралы хабарламаның нысаны;
40) осы бұйрыққа 40-қосымшаға сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша қорытындының нысаны бекітілсін.»;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 34-1-қосымшасымен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгiленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2019 жылғы «__» ____
№ ___ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018жылғы «8» ақпандағы
№ 146 бұйрығына
34-1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасының салық заңнамасын
бұзушылықтарды жою туралы
хабарлама
20___ жы­л­ғы «_____» __________
№ _____________
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының
2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 114-бабы 2-тармағының 12) тармақшасына сәйкес
_______________________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның атауы)
Сізді, ___________________________________________________________________________________________
(салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), толық атауы,
________________________________________________________________________________________________
жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН), мекен-жайы)
________________________________________________________________________________________________
жол берілген салық заңнамасының бұзушылықтары туралы хабарлайды:
________________________________________________________________________________________________
(бұзушылық мәні)
________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________
Салық кодексінің 115-бабы 5-тармағына сәйкес Сізге жіберілген бұзушылықтарды осы хабарлама ұсынылған күннен кейінгі күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жою қажет.
Олар жойылмаған жағдайда салық төлеуші Қазақстан Республикасының
заңнамалық актілеріне сәйкес жауапқа тартылады.
Салық кодексінің 187, 188-бабтарына сәйкес салық төлеушінің немесе оның уәкілетті өкілінің мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды тұлғалары әрекетіне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртіппен мемлекеттік кірістер органдарының жоғары тұрған органына немесе сотқа шағымдануына құқығы бар.
Мемлекеттік органның
басшысы (басшының орынбасары)__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, мөрі)
Хабарламаны алдым ______________________________________________________________________________
салық төлеушінің (салық агентінің)/салық төлеушінің (салық агентінің) лауазымды
тұлғасыныңтегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне)
табыс етілді ____________________________________________________________________________________
(мемлекеттік органның лауазымды тұлғасының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), қолы, күні)
Хабарлама салық төлеушіге (салық агентіне)
жіберілді ____________________________________________________________________________________
(жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжат)

Қолданыстағы