О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 42 «Об утверждении Перечня категорий физических лиц, имеющих право на социальную поддержку в соответствии с законодательством Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнения в приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 8 февраля 2018 года № 42 «Об утверждении Перечня категорий физических лиц, имеющих право на социальную поддержку в соответствии с законодательством Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 42 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 57
- Қабылданған күні
- 16.07.2020
- Көрсетілген редакция
- 16.07.2020 144850_472890.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.07.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020981
- ЭКБ идентификаторы
- 144850
- Редакция идентификаторы
- 144850_472890
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:29
0 «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы
8 ақпандағы № 42 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы
8 ақпандағы № 42 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16458 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 наурызда
Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік қолдауға құқығы бар жеке тұлғалар санаттарының тізбесінде 9) тармақшадағы «тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады.» деген сөздер «тұлға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) коммерциялық емес ұйымдардан қайырымдылық көмек алатын тұлға болып табылатын жеке тұлғалар жатады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданыста болады және 2020 жылғы 15 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі