О внесении изменений в решение акима от 8 октября 2019 года № 1-р «Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима от 8 октября 2019 года № 1-р «Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Казахтелеком»»
- Атауы (қаз.)
- Әкімінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 1-р «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2-р
- Қабылданған күні
- 03.02.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.02.2021 152695_507791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21NQA09747
- ЭКБ идентификаторы
- 152695
- Редакция идентификаторы
- 152695_507791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 09:40
0 Әкімінің 2019 жылғы 8 қазандағы № 1-р «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабына, 69-бабының 4-тармағы 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес Сарыкөл ауданы Барвиновка ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Әкімнің «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы» 2019 жылғы 8 қазандағы № 1-р шешіміне (2019 жылғы 11 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8692 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1 - тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу мен пайдалану мақсатында Сарыкөл ауданы Барвиновка ауылының аумағында орналасқан жалпы көлемі 1,1910 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.»;
көрсетілген шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «Барвинов ауылдық округінің», «Барвинов ауылдық округі» сөз тіркестері «Барвиновка ауылының», «Барвиновка ауылы» сөз тіркестерімен ауыстырылсын.