О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 мая 2019 года № 190 «Об утверждении Правил проведения комплексного тестирования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 мая 2019 года № 190 «Об утверждении Правил проведения комплексного тестирования»
- Атауы (қаз.)
- «Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 419
- Қабылданған күні
- 28.09.2020
- Көрсетілген редакция
- 28.09.2020 146791_483943.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.09.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021303
- ЭКБ идентификаторы
- 146791
- Редакция идентификаторы
- 146791_483943
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 12:35
0 «Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
8 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 мамырда № 18657 болып тіркелген, «Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі» ақпараттық жүйесінде 2019 жылғы 21 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. КТ-ге қатысу үшін өтініштерді қабылдау күнтізбелік жылдың 15 маусымынан 19 шілдесіне дейін жүзеге асырылады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жызылсын:
«10. КТ күнтізбелік жылдың 17 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында өткізіледі.»;
18-тармақтың 2-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«КТ аяқталғаннан кейін ағымдағы жылдың 11 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК тестілеудің бейнебақылау жазбаларын талдауды жүзеге асырады.»;
18-тармақтың 3-абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«КТ кезінде оқуға түсушілердің осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғаны анықталған жағдайда, тестілеу нәтижелері жойылады. Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беру туралы конкурс нәтижелерінің күшін жою білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жергілікті атқарушы органның қаулысымен күнтізбелік жылдың 14 қыркүйегіне дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.».