Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 мая 2019 года № 190 «Об утверждении Правил проведения комплексного тестирования»

Бұйрық · № 264 · қабылданған 07.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2019-no-190-ekb-168651/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 мая 2019 года № 190 «Об утверждении Правил проведения комплексного тестирования» Қолданыста Бұйрық ·№ 264 ·07.06.2022
07.06.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 мая 2019 года № 190 «Об утверждении Правил проведения комплексного тестирования»

Қолданыста Бұйрық ·№ 264 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 мая 2019 года № 190 «Об утверждении Правил проведения комплексного тестирования»
Атауы (қаз.)
«Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
264
Қабылданған күні
07.06.2022
Көрсетілген редакция
07.06.2022 168651_578680.kaz
Соңғы өзгеріс
07.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028408
ЭКБ идентификаторы
168651
Редакция идентификаторы
168651_578680
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:33

0 «Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын

бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы
8 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1.«Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ахуалдық орталық – білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымда орналастырылған, онлайн режимде КТ өткізу процесін байқау үшін коммуникация құралдарымен жарақтандырылған зал;
2) жауап парағы – түсуші тест тапсырмаларының жауаптарын белгілейтін кешенді тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған арнайы бланк;
3) жауап парақтарының көшірмесі – тестілеу нәтижелерін бағалауға арналған құжат болып табылмайтын, кешенді тестілеуден кейін балдарды өз бетінше санауға арналған бланк;
4) желілік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін білім беру ұйымдары – кешенді тестілеуге құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейін білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ);
5) желілік ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиясы – кешенді тестілеуге түсушілерден құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия;
6) кешенді тестілеу – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан нысаны;
7) электрондық форматтағы КТ – әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану жолымен өткізілетін тестілеу;
8) қағаз форматындағы КТ – тестіленушіге сұрақ-кітапшасын және жауап парағын беру жолымен жүргізілетін тестілеу;
9) кешенді тестілеу өткізу пункттері (бұдан әрі – КТӨП) – КТ өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ;
10) КТӨП қабылдау комиссиясы – КТ өткізуді жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ жанындағы комиссия;
11) нұсқаларды тарату парағы – кітапша нұсқасының аудиториядағы белгілі бір орын нөміріне бекітілгендігі туралы ақпаратты қамтитын парақ;
12) отырғызу парағы – түсушілерді аудиториядағы орындар бойынша бөлу парағы;
13) онлайн апелляция – электрондық форматта КТ өткізген кезде тестілеу аяқталғаннан кейін 30 (отыз) минут ішінде апелляцияға өтініш беру;
14) шекті балл – республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға немесе ақылы негізде оқуға түсуге рұқсат беретін Үлгілік қағидалармен белгіленген тестілеудің әр бөлімі немесе пәндері бойынша балдардың минималды жиынтығы;
15) электрондық сертификат – Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланатын КТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі – сертификат);
16) тестілеу әкімшілері – КТӨП-те КТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырушылар және аудитория мен дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайды;
17) тіркеу файлы (лог) - хронологиялық тәртіпте тестіленушінің әрекеттері туралы жазбалар бар файл.»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. КТ-ге қатысу үшін өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) күнтізбелік жылғы 1 маусымнан 15 шілдеге дейін;
2) күнтізбелік жылғы 1 қарашадан 18 қарашаға дейін.»;
18 және 19-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«18. Ғимаратқа кіргізу және КТ өткізу барысы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте кіргізу, тестілеуді өткізу процесін бейнебақылау жазбасы, сондай-ақ тестілеуден кейін үй-жайда сақталған пайдаланылған кітапшалар тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде ҰТО-ға беріледі.
Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ аяқталғаннан кейін 3 (үш) ай бойы ҰТО тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүзеге асырады.
Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ аяқталғаннан кейін 3 (үш) ай бойы ҰТО тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүзеге асырады.
Тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нәтижесі бойынша КТ-да Қағидалардың 35, 37 және 47-11-тармақтарында көрсетілген тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғандығы анықталған жағдайда ҰТО осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Тестілеу барысында тыйым салынған затты пайдаланғаны және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасағаны туралы акт» жасайды және растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
Тестілеу барысында тыйым салынған заттардың біреуін пайдаланғаны туралы акт растайтын материалдарымен бірге білім беру саласындағы уәкілетті органмен құрылған комиссияның қарауына ұсынылады.
Комиссияның шешімімен тестілеу нәтижелері (КТ балдары), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері (білім беру грантын беру туралы куәлік) білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен жойылады.
Тестілеу нәтижелері (КТ балдары) және (немесе) білім беру грантын беру туралы куәлікті жойылғаннан кейін ҰТО түсушілерге жеке кабинеті арқылы хабарлама жібереді.
Түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.
19. Тестілеуге жіберу кезінде қол және рамалы түрдегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге жіберу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа келесі тыйым салынған заттарды алып жүруіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады: шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, сымды және сымсыз құлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект).
Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «КТ өткізу пункті ғимаратына кіргізу барысында тыйым салынған заттар тәркіленген жағдайда түсушіні ғимараттан шығару туралы акт» жасайды. Түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.»;
35 және 36-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
«35. КТ жүргізу кезінде түсушіге жол берілмейді:
1) дәліз бойынша кезекшінің қызметін атқаратын тестілеу әкімшісінің рұқсатынсыз аудиториядан шығуға;
2) сөйлесуге;
3) орнынан орын ауыстыруға;
4) тестілеу материалдарымен алмасуға;
5) аудиториядан тестілеу материалдарын шығаруға;
6) аудиториядан 2 реттен артық шығуға;
7) аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесін, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), смарт сағаттарды, сымды және сымсыз құлаққаптарды, сымсыз бейнекамераларын, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларын, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кіруіне және қолдануына;
8) тестілеу материалдарын (жауап парақтарын және кітапшаларын) сыпыру, түзетуші сұйықтықты пайдалану, беттерді үзу арқылы бұзуды жүзеге асыруға;
9) бұл үшін қарастырылмаған секторларды бояуға (жауап парағының нөмірі).
36. Тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нәтижесі бойынша қағаз және (немесе) электрондық форматтағы КТ кезінде түсушіде осы Қағидалардың 35 және 47-11 тармақтарында көрсетілген заттар табылған, сондай-ақ түсуші осы Қағидалардың 35 және 47-11 тармақтарын бұзған жағдайда тестілеу әкімшісі бақылаушылармен бірге түсушінің қатысуымен осы Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасағаны туралы акт туралы акт» толтырады. Түсуші аудиториядан шығарылады. Оқуға түсуші ағымдағы жылы тестілеуге жіберілмейді.
КТ нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.»;
47-3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«47-3. Тестілеу басталғанға дейін тестілеу әкімшісі түсушіге тестілеу ережелері бойынша нұсқаулық өткізеді.
Ең алдымен тестілеуді бастау үшін түсушіге:
1) логин көрсету;
2) құпия сөз көрсету;
3) адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялау;
4) тестілеуді өткізу ережелерімен танысу;
5) деректерінің дұрыстығын растау;
6) «Кіру» батырмасын басқаннан кейін тестілеуге өту қажет.
Түсуші тестілеу жүйесіне әрбір кіру және шығу кезінде, компьютерде орнатылған фронтальды камера арқылы адам бетінің көлемдік-кеңістіктік формасының сканері арқылы авторизациялаудан өтеді.
Тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауы болған жағдайда түсуші тестілеу администраторына хабарлау қажет. Тестілеу администраторы бақылаушылармен бірлесіп, осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу кезінде техниканың техникалық ақауын анықтау актісін жасайды.
КТ өткізу пунктінде электр қуаты ажыратылған жағдайда немесе тестілеу жазбасы жүргізілмейтін басқа да форс-мажорлық жағдайларда, Ұлттық тестілеу орталығының келісімен тестілеу администраторы мен өңірлік мемлекеттік комиссия осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт жасай отырып, тестілеу процесін тоқтатады (күшін жояды) және басқа күнге ауыстырады.
Тестілеу процесін тоқтата тұру және ауыстыру туралы акт тестілеу администраторымен және өңірлік мемлекеттік комиссиямен бірлесіп жасалады.
Электр қуаты ажыратылған жағдайда, түсушінің жұмыс орнында тестілеу процесі туралы деректер (тест тапсырмаларына бұрын белгіленген жауаптары, тестілеудің пайдаланылған уақытының саны) сақталады.
Тестілеуді одан әрі жалғастырған кезде тестіленуші тестілеу процесі үзілген жерден тестілеу процесін жалғастырады.
Тестілеуді басқа күнге ауыстырған жағдайда тестіленушінің тестілеу тоқтатылғанға дейінгі тест тапсымаларына берілген жауаптары сақталмайды.»;
47-11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«47-11. КТ жүргізу кезінде түсушіге рұқсат етілмейді:
1) дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайтын тестілеу әкімшісіның рұқсатынсыз және ертіп жүруінсіз аудиториядан (компьютерлік кластан) шығу;
2) сөйлесуге, орнынан орынға ауысуға;
3) аудиториядан 2 реттен артық шығуға;
4) құжаттармен, кез-келген тыйым салынған заттармен және түсушіге тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазбен алмасуға;
5) құжаттарды және тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды аудиториядан (компьютерлік класстан) шығаруға, сондай-ақ оларды ұсақтап жыртуға;
6) Тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды өзімен бірге алып кетуге;
7) аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесін, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), смарт сағаттарды, сымды және сымсыз құлаққаптарды, сымсыз бейнекамераларын, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларын, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кіруіне және қолдануына;
8) тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға және жария етуге;
9) тестілеуге пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге рұқсат етілмейді.
Бұл ретте тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.»;
Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 10-1-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

1 Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 7 маусымдағы
№ 264
1-қосымша
Кешенді тестілеуді
өткізу қағидаларына
2-қосымша
Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі
Білім беру бағдарламасы тобының атауы
Бейінді пәндер
1 бейінді пән
2 бейінді пән
M001
Педагогика және психология
Педагогика
Психология
M002
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Мектепке дейінгі педагогика
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту әдістемесі
M003
Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау
Педагогика (бастауыш сыныптар үшін)
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі
M004
Бастапқы әскери дайындық педагогтерін даярлау
Педагогика
Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі
M005
Дене шынықтыру педагогтерін даярлау
Педагогика
Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі
M006
Музыка педагогтерін даярлау
Педагогика
Музыка пәнін оқыту әдістемесі
M007
Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау
Педагогика
Көркем еңбек, графика және жобалауды оқыту әдістемесі
M008
Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау
Педагогика
Кәсіптік оқытудың заманауи технологиялары
M009
Құқық және экономика негіздері
Мемлекет және құқық теориясы негіздері
Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі
M010
Математика педагогтерін даярлау
Математика
Математиканы оқыту әдістемесі
M011
Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
Жалпы физика
Физиканы оқыту әдістемесі
M012
Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
Бағдарламалау
Информатиканы оқыту әдістемесі
M013
Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
Химия
Химияны оқыту әдістемесі
M014
Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
Биология
Биологияны оқыту әдістемесі
M015
География педагогтерін даярлау
География
Географияны оқыту әдістемесі
M016
Тарих педагогтерін даярлау
Қазақстан тарихы
Тарихты оқыту әдістемесі
M017
Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
Педагогика
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
M018
Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
Педагогика
Орыс тілін оқыту әдістемесі
M019
Шет тілдері педагогтерін даярлау
Педагогика (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдері)
M020
Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану бойынша кадрларын даярлау
Әлеуметтік педагогика
Өзін-өзі тануды оқыту әдістемесі
M021
Арнайы педагогика
Арнайы педагогика
Инклюзивті білім беру
M022
Музыкатану
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M023
Аспаптық орындаушылық
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M024
Вокалдық өнер
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M025
Дәстүрлі музыка өнері
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M026
Композиция
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M027
Дирижирлеу
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M028
Режиссура
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M029
Театр өнері
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M030
Эстрада өнері
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M031
Хореография
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M032
Аудиовизуалды өнер және медиа өндіріс
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M033
Бейнелеу өнері
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
М034
Өнертану
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M035
Сән, дизайн
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M036
Полиграфия
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M037
Арт-менеджмент
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M050
Философия және әдеп
Қазақ философиясы
Әлеуметтік философия
M051
Дінтану және теология
Діндер тарихы
Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар және культтер
M052
Исламтану
Діндер тарихы
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай
M053
Тарих
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы
Археология негіздері
M054
Түркітану
Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы
Түркі халықтарының жалпы тарихы
M055
Шығыстану
Классикалық және қазіргі шығыстану
Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
M056
Аударма ісі, ілеспе аударма
Аударма теориясы (ағылшын,орыс, қазақ, корей,қытай, жапон тілдері)
Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын)
M057
Лингвистика
Жалпы тіл білімі
Лингвистика ілімінің тарихы
M058
Әдебиет
Фольклор
Әдебиет теориясы
M059
Шетел филологиясы
Тіл теориясының негіздері (ағылшын, неміс, француз, корей, қытай, жапон тілдері)
Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын, неміс, француз тілдері)
M060
Филология
Қазіргі қазақ тілі
Қазіргі қазақ әдебиеті
M061
Әлеуметтану
Әлеуметтану тарихы
Әлеуметтанулық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру
M062
Мәдениеттану
Қазақ мәдениетінің тарихы
Мәдени антропология
M063
Саясаттану және конфликтология
Саясат теориясы
Қолданбалы саясаттану
M064
Халықаралық қатынастар
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Дипломатиялық және консулдық қызмет
M065
Аймақтану
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері
M066
Психология
Жалпы психология
Даму психологиясы
M067
Журналистика және репортерлық іс
Қазақ журналистикасының тарихы
Қазіргі журналистиканың жанрлық түрі мен қызметі
M068
Қоғаммен байланыс
PR теориясы мен тәжірибесі
Имиджелогия
M069
Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі
Құжаттану
Археография
M070
Экономика
Кәсіпорын экономикасы
Макроэкономика
M071
Мемлекеттік және жергілікті басқару
Мемлекеттік басқару теориясы
Экономиканы мемлекеттік реттеу
M072
Менеджмент
Менеджмент
Бизнесті ұйымдастыру
M073
Аудит және салық салу
Бухгалтерлік есеп негіздері
Аудит
M074
Қаржы, банктік және сақтандыру ісі
Қаржы негіздері
Корпоративтік қаржы
M075
Маркетинг және жарнама
Маркетинг
Маркетингтік зерттеулер
M076
Еңбек дағдылары
Экономикалық теория
Макроэкономика
M077
Бағалау
Экономика және жылжымайтын мүлікті басқару
Қазақстан Республикасының Ұлттық бағалау стандарттары
M078
Құқық
Мемлекет және құқық теориясы
Ситуациялық кейс (Қазақстан Республикасының заңдарын және / немесе халықаралық құқықты қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау)
M079
Сот сараптамасы
Криминалистика
Сот экспертологиясы
M080
Биология
Клетка биологиясы
Ботаника
M081
Генетика
Клетка биологиясы
Молекулалық генетика негізімен жалпы генетика
M082
Биотехнология
Биохимия
Биотехнология негіздері
M083
Геоботаника
Қазақстан биоресурстары
Ботаника
M084
География
Қазақстанның физикалық географиясы
Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
M085
Гидрология
Гидрология негіздері
Гидрологиялық ақпаратты статистикалық өңдеудің заманауи әдістері
M086
Метеорология
Физикалық метеорология
Климатология
M087
Қоршаған ортаны қорғау технологиясы
Геоэкология
Экологиялық мониторинг
M088
Гидрогеология және инженерлік геология
Жер асты суларын іздеу және барлау
Инженерлік-геологиялық зерттеулер
M089
Химия
Физикалық химия
Аналитикалық химия
M090
Физика
Механика
Молекулалық физика
M091
Сейсмология
Сейсмологияның физикалық негіздері
Сейсмикалық жазбалар бойынша жер сілкінудің параметрлерін анықтау
M092
Математика және статистика
Математикалық талдау
Дифференциалдық теңдеулер
M093
Механика
Теориялық механика
Тұтас орта механикасына кіріспе
M094
Ақпараттық технологиялар
Алгоритмдер және деректер құрылымы
Деректер базасы
M095
Ақпараттық қауіпсіздік
Алгоритмдік бағдарламалау тілдері
Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
M096
Коммуникация және коммуникациялық технологиялар
Электрлік байланыс теориясы
Радиотехника және телекоммуникация негіздері
M097
Химиялық инженерия және процесстер
Бейорганикалық химия
Жалпы химиялық технология
M098
Жылу энергетикасы
Жылу техникасының теориялық негіздері
Қазандық қондырғылар және жылулық қозғалтқыштар
M099
Энергетика және электр техникасы
Электр техниканың теориялық негіздері
Электр машиналары
M100
Автоматтандыру және басқару
Электртехниканың теориялық негіздері
Сызықты автоматты реттеу жүйелері
M101
Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
Механика
Молекулалық физика
M102
Роботты техника және мехатроника
Электроника негіздері
Интегралдық және микропроцессорлық схемотехника
M103
Механика және металл өңдеу
Өзара алмасымдылық негіздері
Машина бөлшектері
M104
Көлік, көліктік техника және технология
Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері
Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
M105
Авиациалық техника және технологиялар
Ұшу аппараттарының құрылысы
Авиациалық техниканың теориялық негіздері
M106
Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
Ұшу аппараттарының құрылысы
Авиациялық апаттарды тергеу және ұшу қауіпсіздігі
M107
Ғарыштық инженерия
Физика
Математика
M108
Наноматериалдар және нанотехнологиялар (қолдану саласы бойынша)
Механика
Нанотехнология негіздері
M109
Мұнай және кен геофизикасы
Далалық және ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің теориялық негіздеріне кіріспе
Далалық және ұңғымаларды геофизикалық зерттеулерді өңдеу мен интерпретациялауды жүргізудің әдісі, техникасы мен технологиясы
M110
Теңіз техникасы және технологиялары
Кемелердегі қызметті ұйымдастыру негіздері
Кеме құрылымы мен теориясы
M210
Магистральды желілер және инфрақұрылым
Құрылыс материалдары
Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау
M310
Көліктік имараттар
Құрылыс материалдары
Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау
M111
Тамақ өнімдерін өндіру
Тамақ өндірісінің жалпы технологиясы
Химия
M112
Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы (қолдану саласы бойынша)
Ағаш өңдейтін жабдықтар
Ағаштан бұйым жасау технологиясы
M113
Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
Физика
Материалдардың механикалық қасиеттері
M114
Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы
Химия
M115
Мұнай инженериясы
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау
Мұнай өңдірудің технологиясы мен техникасы
M116
Тау-кен инженериясы
Тау-кен өңдірісінің негіздері
Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы
M117
Металлургиялық инженерия
Металлургиялық процесстерінің теориясы
Жалпы металлургия
M118
Пайдалы қазбалар байыту
Пайдалы қазбаларды байыту негіздері
Флотациялық байыту әдістері
M119
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы
Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы
M120
Маркшейдерлік іс
Геодезия
Маркшейдерлік істің жалпы курсы
M121
Геология
Жалпы және тарихи геология
Пайдалы қазба кен орындарының геологиясы
M122
Сәулет
Сәулеттік типология
Қала құрылыс негіздері
M123
Геодезия
Геодезия
Картография
M124
Құрылыс
Құрылыс материалдары
Құрылыс өндірісінің технологиясы 1
M125
Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі
Құрылыс материалдары
Бетон технологиясы 1
M126
Көлік құрылысы
Құрылыс материалдары
Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау
M127
Инженерлік жүйелер мен желілер
Құрылыс материалдары
Құрылыс жинақтау жұмыстарының технологиясы
M128
Жерге орналастыру
Геодезия
Жер ресурстарын басқару
M129
Гидротехникалық құрылыс
Гидравлика
Гидротехникалық құрылымдар
M130
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)
Квалиметрия
Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау
M131
Өсімдік шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығы
Топырақтану
M132
Мал шаруашылығы
Мал азықтандыру
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
M133
Орман шаруашылығы
Орман екпелері
Биотехния және жабайы жануарларды өсіру
M134
Балық шаруашылығы
Балық аулау
Аквакультура
M135
Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
Электр техниканың теориялық негіздері
Электр машиналары
М136
Аграрлық техника және технологиясы
Ауылшаруашылық машиналары
Мал шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру машиналары
M137
Су ресурстары және суды пайдалану
Гидравлика
Су ресурстарын кешенді пайдалану
M138
Ветеринария
Жануарлар патологиясы
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
M139
Денсаулық сақтауды менеджмент
Экономикалық теория негіздері
Менеджмент негіздері
M140
Қоғамдық денсаулық
Биостатистика
Қоғамдық денсаулық
M141
Мейіргер ісі
Мейіргер ісі негіздері
Мейіргер ісіндегі мененджмент
M142
Фармация
Фармацияның басқарылуы және экономикасы және дәрілер технологиясы
Фармацевтикалық химия және фармакогнозия
M143
Биомедицина
Биостатистика
Дәлелді медицина
M144
Медицина
Биостатистика
Дәлелді медицина
M145
Медициналық-профилактикалық іс
Биостатистика
Гигиена және эпидемиология
M146
Әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік жұмыс теориясы
Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиялары
M147
Туризм
Туризмология негіздері
Экскурсиятану
M148
Тынығу
Мәдени-тынығу қызметіндегі әдістемелік жетекшілік технологиясы
Мәдени-тынығу қызметі саласындағы менеджмент, маркетинг
M149
Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
Мейрамхана және мейманханада қызмет көрсету технологиясы
Мейманхана және мейрамхана менеджменті
M150
Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу
Еңбек қорғауды басқару жүйелері
M151
Көлік қызметтері
Көлік түрлерінің өзара қарым-қатынасы
Тасмалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
M152
Логистика (сала бойынша)
Жеткізу тізбектерін басқару
Көлік логистикасы Жүктеу
М153
Археология және этнология
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы
Археология негіздері

2 Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасағаны туралы акт (қағаз және (немесе) электрондық форматтағы тестілеу кезінде)

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2022 жылғы 7 маусымдағы
№ 264
2-қосымша
Кешенді тестілеуді
өткізу қағидаларына
10-1-қосымша
Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасағаны туралы акт
(қағаз және (немесе) электрондық форматтағы тестілеу кезінде)
__________________________________________________________________________
(код) (ұйымның атауы)
«______»_______________20____жыл
«______» сағат «______» минут
Тестілеу әкімшісі
_________________________________________________________________________
(Т.А.Ә.(болған жағдайда))
Тестілеу уақытында түсуші:
Т.А.Ә. (болған жағдайда) ___________________________________, ЖСН__________,
№ ____ аудитория, № ____ орын, № ________ нұсқа, Кешенді тестілеуді өткізу
қағидаларының 35-тармағының бұзылғандығын дәлелдейтін төмендегі заттар
_________________________________________________________________________
(тыйым салынған заттың атауы, саны)
табылды:
Осы фактіні ескере отырып, қаулы етеміз:
тестілеу материалы алынсын;
түсуші Т.А.Ә. (болған жағдайда) ____________________________, ТЖК____________,
№ ____ аудиториядан шығарылсын және тестілеу нәтижелері жойылсын.
Актімен таныстым:
_______________________________________________________________________
(тестілеу әкімшісінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)
________________________________________________________________________
(бақылаушының Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)
________________________________________________________________________
(түсушінің Т.А.Ә. (болған жағдайда) және қолы)
Күні:_________

Қолданыстағы