О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 мая 2019 года № 190 «Об утверждении Правил проведения комплексного тестирования»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 8 мая 2019 года № 190 «Об утверждении Правил проведения комплексного тестирования»
- Атауы (қаз.)
- «Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 505
- Қабылданған күні
- 01.11.2024
- Көрсетілген редакция
- 01.11.2024 202228_727693.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.11.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400035325
- ЭКБ идентификаторы
- 202228
- Редакция идентификаторы
- 202228_727693
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 08:57
0 «Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 8 мамырдағы № 190 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18657 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кешенді тестілеуді өткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кешенді тестілеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 25) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және кешенді тестілеуді (бұдан әрі - КТ) өткізу тәртібін айқындайды.»;
2-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ахуалдық орталық – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұйымда орналастырылған, онлайн режимде КТ өткізу процесін байқау үшін коммуникация құралдарымен жарақтандырылған зал;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) электрондық сертификат – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Ұлттық тестілеу орталығы) сайтында жарияланатын КТ балдарын ресми растайтын үміткердің бірегей деректері бар электрондық құжат (бұдан әрі – сертификат);»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. КТ-ға қағаз форматта қатысу үшін түсуші желілік ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы келесі құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа);
3) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
4) өлшемі 3x4 сантиметр болатын екі фотосурет;
5) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075-У нысаны бойынша электрондық форматтағы медициналық құжаттама (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық);
6) тестілеуге қатысу үшін төлем төлегені туралы түбіртек.
3) тармақшада көрсетілген құжат түпнұсқасында және көшірмеcімен бірге ұсынылады, салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
КТ-ға қатысу үшін өтініш берген үміткерлерге ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясы арқылы құжаттардың қабылдануы туралы қолхат (еркін нысанда) беріледі.
Электрондық форматта КТ-ға қатысу үшін түсуші Ұлттық тестілеу орталығының ақпараттық жүйесі арқылы онлайн түрде Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш тапсырады.
Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары және стандартталған GRE (Graduate Record Examinations) (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты бар тұлғалар КТ-ға электрондық форматта және республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде деректерді енгізуі қажет.
Шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін (ағылшын) меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар тұлғалар Үлгілік қағидалардың 1-2-қосымшасына сәйкес балдарды аудару шкаласына сәйкес өз қалауы бойынша шет тілі блогын тапсырудан босатылады.
Осы тармақта көрсетілген шет тілі блоктары бойынша балдар КТ сертификатында көрсетілмейді.
«Педагогикалық ғылымдар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру салаларының білім беру бағдарламаларының топтарына, сондай-ақ «Гуманитарлық ғылымдар», «Әлеуметтік ғылымдар», «Бизнес және басқару» кадрларын даярлау бағыттарына магистратураға түсетін тұлғалар стандартталған GRE (Graduate Record Examinations) (грэдуэйт рекорд экзаменейшен) тестін тапсыру туралы халықаралық сертификат болған жағдайда, Үлгілік қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес балдарды аудару шкаласына сәйкес қалауы бойынша шет тілі блогынан және қазақ немесе орыс тілінде оқытатын ғылыми-педагогикалық магистратураға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тест тапсырудан босатылады.
Осы тармақта көрсетілген КТ шет тілі және оқуға дайындығын айқындауға арналған тест блоктары бойынша балдар КТ сертификатында көрсетілмейді.
Ұсынылатын сертификаттардың түпнұсқалығы мен қолданылу мерзімін республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсқа өтініш берген кезде немесе ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде ЖЖОКБҰ қабылдау комиссиялары тексереді.
Қағаз және (немесе) электрондық форматта КТ-ға қатысу үшін көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектігі бар тұлғалар, қажет болған жағдайда, «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) (бұдан әрі - Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидалары) мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған кезде КТ өтініш қабылдау бағдарламалық жасақтамасына мүгедектікті белгілеу жөніндегі құжаттарды тіркейді және қосымша:
1) көру, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектер үшін КТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің оқытушысы болып табылмайтын көмекші және (немесе) есту қабілеті бұзылған мүгедектер үшін ымдау тілін білетін маманға;
2) тестілеу тапсыру үшін қосымша уақыт алу қажеттілігін көрсетеді.
Белгілі бір аумақта шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда осы іс-шаралардың алынуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына осы тармақтың 2) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.»;
6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«6. КТ-ға қатысу үшін өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде:
1) күнтізбелік жылғы 1 маусым мен 8 шілде аралығында;
2) күнтізбелік жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жүзеге асырылады.
Тестілеу орны, күні және уақыты туралы ақпарат түсушінің жеке кабинетінде орналастырылады.
7. КТ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын КТӨП базасында немесе ұйымдарда қағаз немесе электрондық форматта жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:
«7-1. Түсушілер Ұлттық тестілеу орталығының дайындаған бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен тестілеу тапсырады.»;
8-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8-1. КТ-ны қағаз және (немесе) электрондық форматта өткізу үшін жергілікті жерлерде КТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өңірлік мемлекеттік комиссиялар құрылады, оларды ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
11, 12, 13, 14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. КТ:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, қазақ немесе орыс тілдеріндегі (таңдау бойынша) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша және оқуға дайындығын анықтауға арналған тесті;
2) оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер үшін: қазақ немесе орыс тілдеріндегі (таңдау бойынша) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесті;
3) оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер үшін: ағылшын тілінде білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесті;
4) шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларының тобына түсушілер үшін: шет тілі (таңдау бойынша ағылшын, неміс, француз) бойынша тесттен, оқуға дайындығын айқындауға арналған қазақ немесе орыс тілдеріндегі (таңдау бойынша) тесті;
5) араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін: білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен және оқуға дайындығын айқындауға арналған қазақ немесе орыс тілдеріндегі (таңдау бойынша) тесті қамтиды.
Бұл ретте, Үлгілік қағидалардың 14-тармағында көзделген шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттардың біреуі бар тұлғаларға шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттардың балдарын аудару шкаласына сәйкес балдар есептеледі.
КТ бейінді пәндері көрсетілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.
12. КТ тест тапсырмаларының саны:
оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратура үшін:
1) шет тілі бойынша тест – 50;
2) оқуға дайындығын айқындауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни ойлау бойынша – 15, талдамалық ойлау бойынша – 15;
3) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – 50, оның ішінде: бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20;
оқыту қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін:
білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – 50, оның ішінде: бірінші бейіндік пән бойынша – 30, екінші бейіндік пән бойынша – 20;
шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін:
1) шет тілі бойынша тест – 50;
2) оқуға дайындығын айқындауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни ойлау бойынша – 15, талдамалық ойлау бойынша – 15;
араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін:
1) оқуға дайындығын айқындауға арналған тест – 30, оның ішінде: сыни ойлау бойынша – 15, талдамалық ойлау бойынша – 15;
2) білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тест – 50, оның ішінде: бірінші бейінді пән бойынша – 30, екінші бейінді пән бойынша – 20 балды құрайды.
13. КТ бойынша ең жоғары балл саны:
1) оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – 150 балл;
2) оқыту қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратура үшін – 70 балл;
3) шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ғылыми-педагогикалық магистратура үшін – 80 балл;
4) араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратура үшін – 100 балды құрайды.
14. КТ-ға:
оқыту қазақ немесе орыс тілдерінде жүргізілетін ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін – 3 сағат 55 минут;
оқыту қазақ немесе орыс немесе ағылшын тілдерінде жүргізілетін бейінді магистратураға түсушілер үшін – 1 сағат 40 минут;
шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ғылыми-педагогикалық магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 5 минут;
араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша магистратураға түсушілер үшін – 2 сағат 40 минут уақыт бөлінеді.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға (көру, есту, тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған) тестілеу үшін қосымша 40 минут беріледі.
Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес есту қабілеті бұзылған мүгедектігі бар тұлғаларға мүгедектікті анықтайтын құжатты ұсынған кезде шет тілі бойынша тесттің «Тыңдау» бөлімі мәтіндік форматта беріледі.»;
15. КТ-ге қатысу үшін өтініш берген, бірақ рұқсаттамада көрсетілген күні тестілеуге қатыспаған болса, тиісті тест тапсыру тіліне және білім беру бағдарламалары тобының бейініне сәйкес аудиторияда орын болған жағдайда және келесі дәлелді себептер бойынша:
1) денсаулық жағдайы бойынша № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген 025/у немесе 026/у нысаны бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық парағы немесе медициналық анықтама болған кезде;
2) тізбесі «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған жақын туыстарының қайтыс болуын растайтын құжаттар болған кезде;
3) төтенше жағдайлар кезінде КТ өткізу кезеңінде келесі күндердің бірінде қатысу мүмкіндігі беріледі.
16. КТ өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган КТӨП-ке тестілеу әкімшілері, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволар қызметкерлерінің, азаматтық қоғам институттары, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатарынан бақылаушылар жібереді. Тестілеу әкімшілері аудитория және дәліз бойынша кезекшінің қызметін атқарады.»;
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Ғимаратқа кіргізу үшін пайдаланылатын кіреберіс есіктер және КТ жүргізу процесі бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте кіргізу, тестілеуді өткізу процесін бейнебақылау жазбасы, сондай-ақ тестілеуден кейін үй-жайда сақталған пайдаланылған кітапшалар тестілеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде Ұлттық тестілеу орталығына беріледі.
20 шілде мен 10 тамыз аралығында және (немесе) 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында КТ өткізу кезеңінде Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүзеге асырады және түсушінің КТ барысында Қағидалардың 35, 37 және 47-11-тармақтарын бұзуы анықталған жағдайда Ұлттық тестілеу орталығы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті акт жасайды. Комиссияның шешімімен КТ сертификатының күші жойылады. КТ сертификатының күші жойылғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы түсушіге хабарлама жібереді.
20 шілде мен 10 тамыз аралығында және (немесе) 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында кезеңде өткізілген КТ аяқталғаннан кейін 3 (үш) ай бойы Ұлттық тестілеу орталығы тестілеу кезіндегі бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеруді жүзеге асырады.
КТ өткізу кезінде түсушінің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны және (немесе) осы Қағидаларға 35, 37 және 47-11-тармақтарында көрсетілген әрекеттері анықталған кезде Ұлттық тестілеу орталығы осы Қағидаларға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасайды және растайтын материалдармен бірге ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган комиссиясының қарауына ұсынады.
Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган комиссиясының шешімімен тестілеу нәтижелері (КТ сертификаты), сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурстың нәтижелері (білім беру грантын беру туралы куәлік) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен жойылады.
Тестілеу нәтижелері (КТ сертификаты) және (немесе) білім беру грантын беру туралы куәлік жойылғаннан кейін Ұлттық тестілеу орталығы түсушіге хабарлама жібереді және (немесе) ақпаратты түсушінің жеке кабинетінде орналастырады.
19. Тестілеуге жіберу кезінде қол және рамалы түрдегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге жіберу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде түсушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың ғимаратқа келесі тыйым салынған заттарды алып жүруіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады: шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, сөздік, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесі, А0-А10 форматтағы қағаздар, калькулятор, фотоаппарат, ұялы байланыс құралдары (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт көзілдіріктер, смарт сағаттар, фитнес-браслеттер (трекер), сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамералар, GPS (ДжиПиЭс) навигаторлар, GPS (ДжиПиЭс) трекерлер, қашықтан басқару құрылғылары, диктофондар, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғылары: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект).
Тестілеуге кіргізу барысында металл іздегішпен тексеру кезінде осы тармақта көрсетілген тыйым салынған заттар табылған жағдайда тестілеу әкімшісі осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «КТ өткізу пункті ғимаратына кіргізу барысында тыйым салынған заттар тәркіленген жағдайда түсушіні ғимараттан шығару туралы акт» жасайды.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Қағаз форматтағы КТ кезінде түсушіде Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген заттар табылған, сондай-ақ түсуші осы Қағидалардың 35-тармағын бұзған жағдайда тестілеу әкімшісі бақылаушылармен бірге түсушінің қатысуымен Қағидаларға 10-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару туралы акт» толтырады. Түсуші аудиториядан шығарылады. КТ нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.
Электрондық форматтағы КТ кезінде және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру нәтижесі бойынша түсушіде Қағидалардың 47-11-тармағында көрсетілген заттар табылған, сондай-ақ түсуші Қағидалардың 47-11-тармағын бұзған жағдайда тестілеу әкімшісі бақылаушылармен бірге түсушінің қатысуымен Қағидаларға 10-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Аудиторияда тыйым салынған заттардың тәркіленуі және тәртіп сақтау ережесін бұзған түсушіні аудиториядан шығару және (немесе) әрекеттері немесе тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасағаны туралы акт» толтырады. Түсуші аудиториядан шығарылады. КТ нәтижелері өңделмейді және жойылуға жатады.
47-10 және 47-11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«47-10. Түсушілер ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайтын КТ өткізуге жауапты ұйым ұсынған бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен тестілеуден өтеді.
47-11. КТ жүргізу кезінде түсушіге:
1) дәліз бойынша кезекшінің функцияларын орындайтын тестілеу әкімшісіның рұқсатынсыз және ертіп жүруінсіз аудиториядан (компьютерлік кластан) шығуға;
2) сөйлесуге, орнынан орынға ауысуға;
3) аудиториядан 2 реттен артық және 10 минуттан артық уақытқа шығуға;
Бұл ретте төтенше, форс-мажорлық жағдайларды және/немесе түсушілердің денсаулығына байланысты жағдайларды қоспағанда, тестілеудің бірінші және соңғы сағаттарында шығуға;
4) құжаттармен және түсушіге тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазбен алмасуға;
5) құжаттарды және тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды аудиториядан (компьютерлік класстан) шығаруға, сондай-ақ оларды жырту, бүктеу арқылы бүлдіруге;
6) тест тапсырмаларын шешу бойынша жұмысты орындау үшін берілген А4 форматындағы қағазды өзімен бірге алып кетуге;
7) аудиторияға шпаргалкаларды, оқу-әдістемелік әдебиеттерін, сөздікті, Менделеев кестесі және тұздардың ерігіштігі кестесін, А0-А10 форматтағы қағаздарды, калькуляторды, фотоаппаратты, ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рацияларды, ноутбуктерді, плейерлерді, модемдерді (мобильді роутерлер), смарт көзілдіріктер, смарт сағаттарды, фитнес-браслет (трекер), сымды және сымсыз құлаққаптарды, микроқұлаққаптарды, сымсыз бейнекамераларын, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларын, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерін, қашықтан басқару құрылғыларын, диктофондар, сондай-ақ келесі стандарттарда жұмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вай-фай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект) алып кіруіне және қолдануына;
8) тестілеу басталар алдында немесе барысында шулауға;
9) тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талқылауға, жария етуге және шығаруға;
10) тестілеуде пайдаланылатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;
11) тестілеу жүйесіне араласу әрекеті және тестілеуден өту кезіндегі өзге де бұзушылықтар жасауға рұқсат етілмейді.
Бұл ретте, тестілеу өткізілетін компьютердің интерфейсіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін және тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.
Түсуші аудиториядан шыққан жағдайда және аудиторияға қайта кірген кезде металл іздегішпен тексеріліп кіргізіледі.»;
47-15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«47-15. 20 шілде мен 10 тамыз аралығында және (немесе) 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында КТ өткізу кезеңінде бейнебақылау жазбаларын қарау арқылы және (немесе) тестілеу жүйесінде түсушілердің тіркеу файлдарын (логтарды) тексергеннен кейін анықталған түсушілердің 47-11-тармақта рұқсат етілмеген әрекеттерді жасау кезінде шешім қабылдау үшін Ұлттық тестілеу орталығында комиссия құрылады.
Ұлттық тестілеу орталығы комиссиясының функциялары:
1) КТ өткізу кезінде форс-мажорлық жағдайлар туындағанда шешімдер қабылдау;
2) КТ өткізу кезеңінде бейнебақылау жазбаларын қарауды және тестілеу жүйесіндегі түсушінің тіркеу файлдарын (логтарын) тексеру бойынша түсушілердің Қағидалардың 35, 37 және 47-11-тармақтарында көрсетілген ережелерді бұзғаны және (немесе) тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған кезде КТ нәтижелерінің күшін жою туралы шешім қабылдау;
3) КТ аяқталғаннан кейін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға түсушінің нәтижелерін (КТ сертификаты) жоюға ұсыну.»;
мынадай мазмұндағы 47-16-тармақпен толықтырылсын:
«47-16. Түсуші тарапынан бұзушылықтар анықталған кезде комиссия осы Қағидаларға 4-1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасай отырып, КТ нәтижелерін жояды және түсушіге хабарлама жібереді және (немесе) ақпаратты түсушінің жеке кабинетінде орналастырады.»;
49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«49. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын, КТӨП-де құрылатын апелляциялық комиссиялар төрағаларын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
59-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59-2. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы мен құрамын, апелляциялық комиссияның төрағасын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.»;
59-4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59-4. Мазмұны бойынша апелляцияға өтінішті тестілеуге қатысқан адам тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде береді. Апелляцияға өтініштер тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша қаралады. Апелляцияға түскен өтініштерді Республикалық апелляциялық комиссия тестілеу өткізілген күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қарайды. Онлайн апелляция нәтижелері Республикалық апелляциялық комиссия қарағаннан кейін түсушінің жеке кабинетінде көрсетіледі.»;
59-7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«59-7. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі КТ-ның мәндес пәндері бойынша комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі тестілеуді өткізуге жауапты ұйымдағы ақпаратты басқару және өңдеу жүйесінде бір жыл бойы сақталады.
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
Онлайн апелляция нәтижелері бойынша түсушінің жеке кабинетінде апелляция қорытындысымен кешенді тестілеу нәтижелері көрсетіледі.»;
Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 15-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 17-1-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 20-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 505 бұйрығына
1-қосымша
Кешенді тестілеуді
өткізу қағидаларына
2-қосымша
Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары
топтарының тізбесі
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі
Білім беру бағдарламасы тобының атауы
Бейінді пәндер
1 бейінді пән
2 бейінді пән
M001
Педагогика және психология
Педагогика
Психология
M002
Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Мектепке дейінгі педагогика
Мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту әдістемесі
M003
Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау
Педагогика (бастауыш сыныптар үшін)
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі
M004
Бастапқы әскери дайындық педагогтерін даярлау
Педагогика
Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі
M005
Дене шынықтыру педагогтерін даярлау
Педагогика
Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі
M006
Музыка педагогтерін даярлау
Педагогика
Музыка пәнін оқыту әдістемесі
M007
Көркем еңбек, графика және жобалау педагогтерін даярлау
Педагогика
Көркем еңбек, графика және жобалауды оқыту әдістемесі
M008
Кәсіптік оқыту педагогтерін даярлау
Педагогика
Кәсіптік оқытудың заманауи технологиялары
M009
Құқық және экономика негіздері
Мемлекет және құқық теориясы негіздері
Құқық және экономика негіздерін оқыту әдістемесі
M010
Математика педагогтерін даярлау
Математика
Математиканы оқыту әдістемесі
M011
Физика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
Жалпы физика
Физиканы оқыту әдістемесі
M012
Информатика педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
Бағдарламалау
Информатиканы оқыту әдістемесі
M013
Химия педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
Химия
Химияны оқыту әдістемесі
M014
Биология педагогтерін даярлау (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
Биология
Биологияны оқыту әдістемесі
M015
География педагогтерін даярлау
География
Географияны оқыту әдістемесі
M016
Тарих педагогтерін даярлау
Қазақстан тарихы
Тарихты оқыту әдістемесі
M017
Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
Педагогика
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
M018
Орыс тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау
Педагогика
Орыс тілін оқыту әдістемесі
M019
Шет тілдері педагогтерін даярлау
Педагогика (қазақ, орыс, ағылшын тілі)
Кәсіби бағытталған шет тілі (ағылшын, француз, неміс тілдері)
M020
Әлеуметтік педагогтарды даярлау
Әлеуметтік педагогика
Әлеуметтік психология
M021
Арнайы педагогика
Арнайы педагогика
Инклюзивті білім беру
M022
Музыкатану
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M023
Аспаптық орындаушылық
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M024
Вокалдық өнер
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M025
Дәстүрлі музыка өнері
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M026
Композиция
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M027
Дирижирлеу
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M028
Режиссура
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M029
Театр өнері
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M030
Эстрада өнері
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M031
Хореография
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M032
Аудиовизуалды өнер және медиа өндіріс
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M033
Бейнелеу өнері
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
М034
Өнертану
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M035
Сән, дизайн
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M036
Полиграфия
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M037
Арт-менеджмент
Шығармашылық емтихан
Реферат қорғау
M050
Философия және әдеп
Қазақ философиясы
Әлеуметтік философия
M051
Дінтану және теология
Діндер тарихы
Қазіргі дәстүрден тыс діни қозғалыстар және культтер
M052
Исламтану
Діндер тарихы
Қазақстандағы қазіргі діни жағдай
M053
Тарих
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы
Археология негіздері
M054
Түркітану
Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасы
Түркі халықтарының жалпы тарихы
M055
Шығыстану
Классикалық және қазіргі шығыстану
Шығыс елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы
M056
Аударма ісі, ілеспе аударма
Аударма теориясы (ағылшын,орыс, қазақ, корей,қытай, жапон тілдері)
Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын)
M057
Лингвистика
Жалпы тіл білімі
Лингвистика ілімінің тарихы
M058
Әдебиет
Фольклор
Әдебиет теориясы
M059
Шетел филологиясы
Тіл теориясының негіздері (ағылшын, неміс, француз, корей, қытай, жапон тілдері)
Кәсіби-бағытталған шет тілі (ағылшын, неміс, француз тілдері)
M060
Филология
Қазіргі қазақ тілі
Қазіргі қазақ әдебиеті
M061
Әлеуметтану
Әлеуметтану тарихы
Әлеуметтанулық зерттеулерді жоспарлау және ұйымдастыру
M062
Мәдениеттану
Қазақ мәдениетінің тарихы
Мәдени антропология
M063
Саясаттану және конфликтология
Саясат теориясы
Қолданбалы саясаттану
M064
Халықаралық қатынастар
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Дипломатиялық және консулдық қызмет
M065
Аймақтану
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері
M066
Психология
Жалпы психология
Даму психологиясы
M067
Журналистика және репортерлық іс
Қазақ журналистикасының тарихы
Қазіргі журналистиканың жанрлық түрі мен қызметі
M068
Қоғаммен байланыс
PR теориясы мен тәжірибесі
Имиджелогия
M069
Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу және архив ісі
Құжаттану
Археография
M070
Экономика
Кәсіпорын экономикасы
Макроэкономика
M071
Мемлекеттік және жергілікті басқару
Мемлекеттік басқару теориясы
Экономиканы мемлекеттік реттеу
M072
Менеджмент
Менеджмент
Бизнесті ұйымдастыру
M073
Аудит және салық салу
Бухгалтерлік есеп негіздері
Аудит
M074
Қаржы, банктік және сақтандыру ісі
Қаржы негіздері
Корпоративтік қаржы
M075
Маркетинг және жарнама
Маркетинг
Маркетингтік зерттеулер
M076
Еңбек дағдылары
Экономикалық теория
Макроэкономика
M077
Бағалау
Экономика және жылжымайтын мүлікті басқару
Қазақстан Республикасының Ұлттық бағалау стандарттары
M078
Құқық
Мемлекет және құқық теориясы
Ситуациялық кейс (Қазақстан Республикасының заңдарын және / немесе халықаралық құқықты қолдану негізінде нақты практикалық жағдайды кешенді құқықтық талдау)
M079
Сот сараптамасы
Криминалистика
Сот экспертологиясы
M080
Биология
Клетка биологиясы
Ботаника
M081
Генетика
Клетка биологиясы
Молекулалық генетика негізімен жалпы генетика
M082
Биотехнология
Биохимия
Биотехнология негіздері
M083
Геоботаника
Қазақстан биоресурстары
Ботаника
M084
География
Қазақстанның физикалық географиясы
Дүниежүзінің экономикалық, әлеуметтік және саяси географиясы
M085
Гидрология
Гидрология негіздері
Гидрологиялық ақпаратты статистикалық өңдеудің заманауи әдістері
M086
Метеорология
Физикалық метеорология
Климатология
M087
Қоршаған ортаны қорғау технологиясы
Геоэкология
Экологиялық мониторинг
M088
Гидрогеология және инженерлік геология
Жер асты суларын іздеу және барлау
Инженерлік-геологиялық зерттеулер
M089
Химия
Физикалық химия
Аналитикалық химия
M090
Физика
Механика
Молекулалық физика
M091
Сейсмология
Сейсмологияның физикалық негіздері
Сейсмикалық жазбалар бойынша жер сілкінудің параметрлерін анықтау
M092
Математика және статистика
Математикалық талдау
Дифференциалдық теңдеулер
M093
Механика
Теориялық механика
Тұтас орта механикасына кіріспе
M094
Ақпараттық технологиялар
Алгоритмдер және деректер құрылымы
Деректер базасы
M095
Ақпараттық қауіпсіздік
Алгоритмдік бағдарламалау тілдері
Ақпараттық қауіпсіздік негіздері
M096
Коммуникация және коммуникациялық технологиялар
Электрлік байланыс теориясы
Радиотехника және телекоммуникация негіздері
M097
Химиялық инженерия және процесстер
Бейорганикалық химия
Жалпы химиялық технология
M098
Жылу энергетикасы
Жылу техникасының теориялық негіздері
Қазандық қондырғылар және жылулық қозғалтқыштар
M099
Энергетика және электр техникасы
Электр техниканың теориялық негіздері
Электр машиналары
M100
Автоматтандыру және басқару
Электртехниканың теориялық негіздері
Сызықты автоматты реттеу жүйелері
M101
Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
Механика
Молекулалық физика
M102
Роботты техника және мехатроника
Электроника негіздері
Интегралдық және микропроцессорлық схемотехника
M103
Механика және металл өңдеу
Өзара алмасымдылық негіздері
Машина бөлшектері
M104
Көлік, көліктік техника және технология
Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері
Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары
M105
Авиациалық техника және технологиялар
Ұшу аппараттарының құрылысы
Авиациалық техниканың теориялық негіздері
M106
Ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану
Ұшу аппараттарының құрылысы
Авиациялық апаттарды тергеу және ұшу қауіпсіздігі
M107
Ғарыштық инженерия
Физика
Математика
M108
Наноматериалдар және нанотехнологиялар (қолдану саласы бойынша)
Механика
Нанотехнология негіздері
M109
Мұнай және кен геофизикасы
Далалық және ұңғымаларды геофизикалық зерттеудің теориялық негіздеріне кіріспе
Далалық және ұңғымаларды геофизикалық зерттеулерді өңдеу мен интерпретациялауды жүргізудің әдісі, техникасы мен технологиясы
M110
Теңіз техникасы және технологиялары
Кемелердегі қызметті ұйымдастыру негіздері
Кеме құрылымы мен теориясы
M210
Магистральды желілер және инфрақұрылым
Құрылыс материалдары
Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау
M310
Көліктік имараттар
Құрылыс материалдары
Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау
M111
Тамақ өнімдерін өндіру
Тамақ өндірісінің жалпы технологиясы
Химия
M112
Ағаш өңдеу және ағаштан жасалған бұйымдар технологиясы (қолдану саласы бойынша)
Ағаш өңдейтін жабдықтар
Ағаштан бұйым жасау технологиясы
M113
Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
Физика
Материалдардың механикалық қасиеттері
M114
Тоқыма: киім, аяқ-киім және былғары бұйымдар
Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы
Киімге арналған материалдарды конфекционерлеу
M115
Мұнай инженериясы
Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау
Мұнай өңдірудің технологиясы мен техникасы
M116
Тау-кен инженериясы
Тау-кен өңдірісінің негіздері
Тау-кен кәсіпорындарының құрылысы
M117
Металлургиялық инженерия
Металлургиялық процесстерінің теориясы
Жалпы металлургия
M118
Пайдалы қазбалар байыту
Пайдалы қазбаларды байыту негіздері
Флотациялық байыту әдістері
M119
Фармацевтикалық өндіріс технологиясы
Дәрілердің өнеркәсіптік технологиясы
Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы
M120
Маркшейдерлік іс
Геодезия
Маркшейдерлік істің жалпы курсы
M121
Геология
Жалпы және тарихи геология
Пайдалы қазба кен орындарының геологиясы
M122
Сәулет
Сәулеттік типология
Қала құрылыс негіздері
M123
Геодезия
Геодезия
Картография
M124
Құрылыс
Құрылыс материалдары
Құрылыс өндірісінің технологиясы 1
M125
Құрылыс материалдарының, бұйымдарының және құрастырылымдарының өндірісі
Құрылыс материалдары
Бетон технологиясы 1
M126
Көлік құрылысы
Құрылыс материалдары
Көлік құрылымдарының құрылысын ұйымдастыру және жоспарлау
M127
Инженерлік жүйелер мен желілер
Құрылыс материалдары
Құрылыс жинақтау жұмыстарының технологиясы
M128
Жерге орналастыру
Геодезия
Жер ресурстарын басқару
M129
Гидротехникалық құрылыс
Гидравлика
Гидротехникалық құрылымдар
M130
Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)
Квалиметрия
Сынаудан өткізу, өнім қауіпсіздігі мен бақылау
M131
Өсімдік шаруашылығы
Өсімдік шаруашылығы
Топырақтану
M132
Мал шаруашылығы
Мал азықтандыру
Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
M133
Орман шаруашылығы
Орман екпелері
Биотехния және жабайы жануарларды өсіру
M134
Балық шаруашылығы
Балық аулау
Аквакультура
M135
Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету
Электр техниканың теориялық негіздері
Электр машиналары
М136
Аграрлық техника және технологиясы
Ауылшаруашылық машиналары
Мал шаруашылығын механикаландыру және автоматтандыру машиналары
M137
Су ресурстары және суды пайдалану
Гидравлика
Су ресурстарын кешенді пайдалану
M138
Ветеринария
Жануарлар патологиясы
Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары
M139
Денсаулық сақтауды менеджмент
Экономикалық теория негіздері
Менеджмент негіздері
M140
Қоғамдық денсаулық
Биостатистика
Қоғамдық денсаулық
M141
Мейіргер ісі
Мейіргер ісі негіздері
Мейіргер ісіндегі мененджмент
M142
Фармация
Фармацияның басқарылуы және экономикасы және дәрілер технологиясы
Фармацевтикалық химия және фармакогнозия
M143
Биомедицина
Биостатистика
Дәлелді медицина
M144
Медицина
Биостатистика
Дәлелді медицина
M145
Медициналық-профилактикалық іс
Биостатистика
Гигиена және эпидемиология
M146
Әлеуметтік жұмыс
Әлеуметтік жұмыс теориясы
Әлеуметтік жұмыс әдістері мен технологиялары
M147
Туризм
Туризмология негіздері
Экскурсиятану
M148
Тынығу
Мәдени-тынығу қызметіндегі әдістемелік жетекшілік технологиясы
Мәдени-тынығу қызметі саласындағы менеджмент, маркетинг
M149
Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі
Мейрамхана және қонақ үй бизнесіндегі кәсіпкерлік қызметтің негіздері
Мейманхана және мейрамхана менеджменті
M150
Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар
Өнеркәсіптік қауіпсіздікті техникалық реттеу
Еңбек қорғауды басқару жүйелері
M151
Көлік қызметтері
Көлік түрлерінің өзара қарым-қатынасы
Тасмалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
M152
Логистика (сала бойынша)
Жеткізу тізбектерін басқару
Көлік логистикасы Жүктеу
М153
Археология және этнология
Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы
Археология негіздері
М173
Мемлекеттік аудит
Бухгалтерлік есеп негіздері
Аудит
М229
Гидромелиорация
Гидравлика
Гидротехникалық мелиорация
М329
Сумен қамтамасыз ету және суды бұру
Гидравлика
Сумен қамтамасыз ету және суды бұру
М429
Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарың басқару
Гидравлика
Гидротехникалық құрылымдар
2 Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 505 бұйрығына
2-қосымша
Кешенді тестілеуді
өткізу қағидаларына
15-қосымша
Кешенді тестілеу бейінді пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары
топтарының тізбесі
Апелляциялық комиссияның төрағасына
____________________________
(Т.А.Ә.)
____________________________
(КТӨП атауы)
түсушіден ___________________
(Т.А.Ә.)
ТЖК _______________________
Нұсқа _______ Аудитория _____
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеудің келесі тест тапсырмаларын мазмұны бойынша қарауыңызды сұраймын:
Бөлім
Тест тапсырмасының №
Себебі: (төмендегілердің біреуін көрсетіңіз: дұрыс жауабы жоқ, бірнеше дұрыс жауабы бар, тест тапсырмасы дұрыс құрылмаған)
Апелляциялық комиссияның шешімі
1-ші пән (бір дұрыс жауапты таңдау) ағылшын тілінде
2-ші пән (үш дұрыс жауаптан артық емес) ағылшын тілінде
Барлығы:
Ескерту: «Апелляциялық комиссия шешімі» бағаны келесі мәндерді қабылдайды: «Қанағаттандырылды»
немесе «Қанағаттандырылмады»
Апелляциялық комиссия төрағасының Т.А.Ә. және қолы _____________________
Апелляциялық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә. және қолы _____________________
Апелляциялық комиссияның шешімімен келісемін _________________________
(түсушінің Т.А.Ә. және қолы)
Ескерту: Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты; ТЖК - тестіленушінің жеке коды; КТӨП - кешенді тестілеуді
өткізу пункті.
3 2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 505 бұйрығына
3-қосымша
Кешенді тестілеуді
өткізу қағидаларына
17-1-қосымша
Республикалық апелляциялық
комиссияның төрағасына
____________________________
(Т.А.Ә.)
____________________________
(КТӨП атауы)
түсушіден ___________________
ТЖК ______________________
Нұсқа ______ Аудитория ______
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеуден келесі
тест тапсырмаларын техникалық себептер бойынша қарауға қабылдауыңызды сұраймын:
Бөлім
Тест тапсырмасының №
Себебі: (тест тапсырмаларында мәтін немесе фрагмент жоқ)
Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі
1-ші пән (бір дұрыс жауапты таңдау) ағылшын тілінде
2-ші пән (үш дұрыс жауаптан артық емес) ағылшын тілінде
Барлығы:
Ескерту: «Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі»
бағанына «Қанағаттандырылды» немесе «Қанағаттандырылмады» сөздері жазылады.
Күні ____________ Түсушінің қолы________________
Республикалық апелляциялық комиссия
төрағасының Т.А.Ә. және қолы __________________________________________
Комиссия мүшелерінің
Т.А.Ә. және қолы ______________________________________________________
Ескерту: ТАӘ - тегі, аты, әкесінің аты; ТЖК - тестіленушінің жеке коды; КТӨП - кешенді тестілеу өткізу пункті.
4 Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеуден апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы
2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 505 бұйрығына
4-қосымша
Кешенді тестілеуді
өткізу қағидаларына
20-қосымша
Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратураға кешенді тестілеуден апелляциялық комиссия отырысының хаттамасы
КТӨП ________ ________________________ Лек ______ Мерзімі ______
(код) (атауы)
№
Т.А.Ә.
ТЖК
Жауап парағының №
Аудитория №
Нұсқа
Тапсыру тілі
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
1-ші пән
2-ші пән
Барлығы
Шешімі
Т
Қ
Балл
Т
Қ
Балл
Т
Қ
Балл
дейін
кейін
дейін
кейін
дейін
кейін
Ескерту:
Т - апелляцияға берілген тапсырмалар саны
Қ - қанағаттандырылған тапсырмалар саны
Апелляциялық комиссия төрағасы
____________ _________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Апелляциялық комиссия мүшелері ____________ _________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Қабылдау комиссиясының төрағасы
____________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Министрлік өкілдері тобының жетекшісі_______ _____________
(қолы) (Т.А.Ә.)