Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Карагандинского областного маслихата от 8 августа 2019 года № 438 «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Карагандинской области»

Ереже · № 27 · қабылданған 18.04.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/8-2019-no-438/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Карагандинского областного маслихата от 8 августа 2019 года № 438 «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Карагандинской области» Қолданыста Ереже ·№ 27 ·18.04.2023
18.04.2023 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Карагандинского областного маслихата от 8 августа 2019 года № 438 «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Карагандинской области»

Қолданыста Ереже ·№ 27 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Карагандинского областного маслихата от 8 августа 2019 года № 438 «Об утверждении Правил погребения и организации дела по уходу за могилами в Карагандинской области»
Атауы (қаз.)
Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы «Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» № 438 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
27
Қабылданған күні
18.04.2023
Көрсетілген редакция
18.04.2023 180020_625724.kaz
Соңғы өзгеріс
18.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23K000027M
ЭКБ идентификаторы
180020
Редакция идентификаторы
180020_625724
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 19:46

0 Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы «Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» № 438 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы
Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қарағанды облыстық мәслихатының 2019 жылғы 8 тамыздағы «Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» № 438 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5429 болып тіркелген) өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Қарағанды облысында жерлеудің және зираттарды күтіп-ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларына:
қосымшадағы 4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Жерлеу зират қорымының әкімшілігіне қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыратын тіркеуші орган берген қайтыс болу туралы куәлікті және (немесе) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген № 045/у нысаны бойынша қайтыс болу туралы медициналық куәлікті не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы хабарламаны ұсынғаннан кейін зират қорымының аумағында жүргізіледі.»;
қосымшадағы 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Есепке алу журналында мынадай мәліметтер қамтылады:
жерлеу жылы, айы, күні;
зираттың (қабірдің) нөмірі;
қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
туған және қайтыс болған күні;
өлімнің себебі;
«электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алынған қайтыс болу туралы куәліктің немесе хабарламаның нөмірі, күні және кімнің бергені;
марқұмның жақын туыстарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың берілген күні мен нөмірі, мекенжайы, туыстары болмаған жағдайда, жерлеуді жүргізген адамның мекенжайы не жерлеуді жүргізген ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, мекенжайы.».

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы